Талап арыз алдағы сот отырыстарына офлайн түрінде қатыстыруды
Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына
Сотталушы Ә.М.А.
қорғаушысы
М.С. Т.
ЖСН .0
Алматы облысы, Талғар ауданы, К..а ауылы, М… көшесі, 39
тел. 8 747 ..
Талап
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен Ә.М.А. ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен, ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға соттап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.
Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен жоғарыда аталған үкім өзгеріссіз қалдырылды.
Алайда 2024 жылы 20 тамыз күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы №2уп-302-24 қылмыстық ісін қарап шығып Қаулы етті:
Ә.М.А. қатысты Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 11 қаңтардағы үкімі мен Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 ақпандағы қаулысы өзгертілсін.
Ә.М. А. қатысты ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша сот актілерінің күшін жойылсын.
Қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберілсін.
Бүгінгі күні Ә.М. А. Шығыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінде саңсыз қамауда ұстап отыр деп есептеймін өйткені ол Соотталғандардың қатарынан қайта Сотталушы қатырна оралуына байланысты.
Жоғарыда аталған уәждерді ескере отырып, Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі Апеляциялық сот алқасынан талап етемін:
· Ә.М.А.Шығыс Қазақстан облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінен Алматы қаласына алдырып алдағы сот отырыстарына офлайн түрінде қатыстыруды;
· Ә.М.А. қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жойып, «Үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына алмастырылсын.
Қорғаушы М. Т
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Талап
4 рет жүктеп алынды