Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, тиiсу, құрметпен қарамау қоғамдық тәртiп пен тыныштықты бұзғаны үшін

Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, тиiсу, құрметпен қарамау қоғамдық тәртiп пен тыныштықты бұзғаны үшін

Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу,  тиiсу, құрметпен қарамау қоғамдық тәртiп пен тыныштықты бұзғаны үшін

Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу,  тиiсу, құрметпен қарамау қоғамдық тәртiп пен тыныштықты бұзғаны үшін 

 

Сіздің өндірісіңізде азамат Ж.У.Е. қатытсты  ҚР ӘҚБтК 434 бабы 1 бөлігі сәйкес Ұсақ бұзақылық «Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» жасағаны үшін Алматы қаласы ПД, Медеу АПБ Ж.А  Джумажановтың №257517030004022 Хаттамасымен сотқа ұсынылған әкімшілік сот ісі №7528-25-00-3/11491 қаралуда.

Полиция қызметкерлерінің пайымдау бойынша: Азамат У.Е  Ж.., 22.02.2025 жылы сағат 02:30 шамасында Алматы қаласы Назарбаева 124, қоғамдық ортада қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметпен қарамады, қоғамдық ортада былапыт сөйледі сөйтіп, ӘҚБтК 434 бабы 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Алайда Алматы қ. ПД, Медеу АПБ Ж.А Джумажановтың сотқа ұсынылған №257517030004022 Хаттамасымен келісе алмаймыз төмендегі мән жайлар бойынша,

 

Сонымен ҚР ӘҚБтК 802-бабында  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негіз болып әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы немесе құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар делінген.

Алайда  әкімшілік құқықбұзушылық туралы Хаттамасына тіркелген Учаскелік полиция инспекторы Конусовтың және СОБР қызметкрі Р.Б  Есдаулетовтың Медеу АПБ бастығына жазылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы Баянаттары (Хабарламалары) тіркелмеген сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 738-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның келісімімен өндіріс тілі қазақ тілі таңдалғанымен полиция қызметкерлерінің Баянаттары орыс тілінен қазақ тіліне аударылмаған.

ӘҚБтК 767-бабы 3 және 4 тармақтарына сай Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі. Аталған талаптар сақтамаған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.

Сөйтіп, уәкілетті тұлға өз ведомстволық нормативтік-құқықтық актісін басшылыққа ламай жасаған іс әрекеттері әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасының жарамсыздығына әкеп соғады.

 

Сонымен қатар Хаттамада У.Е Ж. қоғамдық ортада қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметпен қарамады, қоғамдық ортада былапыт сөйледі деген уәждеріменде келісе алмаймыз өйткені У.Е Ж. 22 ақпан 2025 жыл сағат 02 шамаларында өз автокөлігімен Назарбаева көшесі 124 мекен жайында орналасқан мейрамханаға өз ағаларын сау жүргізуші ретенде алып кетуге келген, алайда кафе алдында ағаларын көрген оларды полиция қызметкерлері, өздерінің құқықтарымен міндеттерін асыра пайдаланып құқық бұзушыларға олардың құқықтарымен міндеттерін түсіндірмей қолдарын қайырып қылқындырып жатқан кезңнен түскен. Сол жерде У.Е Ж. не болып жатқанын сұрағанда полиция қызметкерлері балағат, дөрекі сойлеп У.Е Ж. ағаларымен алысуда болды. У.Е Ж. сол жерде полиция қызметкерлерімен өзінің ағалары арасына түсіп ағаларын тыныштыққа шақырған.

У.Е Ж. сот медициналық сараптамасына сай спирттік ішімдіктер ішпеген өз іс әрекеттеріне жауап бере алатын жағдайда болған.

Сонымен қатар сол жерде  Учаскелік полиция инспекторы Конусов барлық болған жайтты өз смартфонына түсірген, сол бейнедt У.Е Ж. былағат сөйлегені немесе тәртіп бұзғаны көрінбейді. Жәнеде Куә ретінде түсініктеме берген аз. Т.Д. нақты У.Е Ж. қатытсы құқық бұзушылық жайлы түсініктеме бермеген.

 

Осыған байланысты, құрметті сот, істің материалдарындағы У.Е Жолдыбайдың, полиция қызметкерлерінің Баянаттары айғақтар болып табылатын дәлелдемелер ретінде күші жоқ және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес деп тануды сұраймын.

ҚР ӘҚБтК 741-б. 2-б. сәйкес «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады».

 

Жоғарыда айтылғанымның негізінде, ҚР ӘҚБтК 741-б. сүйене отырып

Соттан,

·   Ж.У.Е. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің ӘҚБтК-ңің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі тоқтатылуын сұраймыз.

 

2025 жылы 27-ақпан 7528-25-00-3/11491 Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрғалық етуші судьясы Р.Б.Жамалбеков, сот отырысының хатшысы М.Г.Жангабылованың отыруымен, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға У.Е.Ж  және қорғаушы адвокат Г.С.Т қашықтықтан қатысуларымен, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі қарай – ӘҚБтК) 434-бабынын 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзышылық жасағаны үшін УЕ Ж, 1996 жылы 25-желтоқсанда туған, Тұрғылықты жері: 

Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақжар ауылы, И. көшесі, 41 үй, тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы деректер: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақжар ауылы, И. көшесі, 41 үй, жұмыс орны: жұмыссыз, жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік №045415223 Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігімен 2019 жылы 4-желтоқсанда берілген, ЖСН – 961225301539, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі мемлекеттік тілде ашық сот отырысында қарап, 

2025 жылы 22-ақпанда У.Е.Ж., Алматы қаласы, Н. даңғылы, №124 мекен-жайында, қоғамдық орында жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген. Сот отырысында мобильдік байланыс арқылы У.Е.Ж. жоғарыда көрсетілген жағдайды растап, өзіне қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамен келіспейтіндігін, өз кінәсін жартылай мойындап, өйткені ол өзінің бауырларын алып кетуге көлігімен Алматы қаласы Назарбаева 124, мекен жайға келгенде, оны полиция қызметкері ұстап итеріп жибергенін, содан кейін олар сөз байланысқандарын, әкімшілік жаза ретінде айыпұл қолдануын соттан сұрады. Сот, У.Е.Ж. түсініктемесін, іс құжаттарын зерттеп, істегі барлық дәлелдемелерді бағалай отырып, бейнежазбаны зерртеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарында былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

Сот, У.Е.Жолдыбай өз әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезініп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп таныды. Себебі У.Е.Ж. қоғамдық орында бола тұра, ұсақ бұзақылық жасаған, яғни өз әрекетімен айналасындағыларға сыйламаушылык танытып, ұсақ бұзақылық жасаған. Хаттамамен У.Е.Ж. танысқан, оны толтыру кезінде оған ӘҚБтК-нің 744-бабында көрсетілген құқықтар мен міндеттері түсіндірілген, оның оларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болған, алайда оларға заңмен белгіленген тәртіптер шағым жасамаған. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-нің 803-бабының талаптарына сай уәкілетті лауазымды тұлғамен толтырылған, оларды толтыру кезінде заң бұзылық орын алмаған, істі дұрыс шешуге қажетті барлық мәліметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың оқиғасы хаттамада көрсетілген. 

Аталған хаттаманы заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелер деуге негіз жоқ. У.Е.Ж. әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсі оның жазған түсініктемесімен, 2025 жылғы 27 ақпандағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазба көшірмелерімен, полиция қызметкерінің баянатымен бекітілген. 

Бұл зерттелген дәлелдемелер іс бойынша дәлелденуге жататын мән жайлардың барлығы туралы ақиқатты даусыз анықтайды, iске қатысты жол берiледі, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады. ӘҚБКнің 55 баптың 1 бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады. 

Сот, дәлелдемелерді бағалай отырып, аталған дәлелдемелер жеткілікті, жол беруге болатын, анық болып табылады, іс бойынша зерттелген мән-жайларға тиістілі және заңмен беліленген тәртіпте алынған деген тұжырымға келеді. 

Әкімшілік жазаны қолдануды анықтағанда сотпен құқық бұзушылықтың сипаты, оның жасалу мән-жайлары, құқық бұзушының жеке басы, құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез құлқы, оның мүліктік жағдайы ескеріп, аталған баппен құқық бұзушылықты бірінші рет жасағандығын ескеріп. 

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл соммасын 78640 (3932х20АЕК) теңге көлемінде айыппұлды тағайындауды орынды деп санайды. 

ӘҚБтК-нің 829-14-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 

сот ҚАУЛЫ ЕТТІ: Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін У.Е.Ж. кінәлі деп танылсын, және оған 78640 (жетпіс сегіз мың алты жүз қырық) теңге әкімшілік айыппұл салынсын. 

Айыппұл ерікті түрде қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төленуі тиіс.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу