Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 143-бабы. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 143-бабы. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 143-бабы. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету туралы түсініктеме

1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол әрекет пайдакүнемдік немесе өзге де төмен ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса, —

сегіз мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топ жасаған жағдайда, —

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР ҚК-нің 143-бабында көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі осындай әрекеттің нәтижесінде кәмелетке толмаған адамдардың «затқа», «тауарға» айналуында, мұның өзі адамзаттың жалпыға ортақ құндылықтарын аяққа таптайтын, аса циникалық құбылыс болып табылатындығында. Мұндай әрекеттер кейіннен тек туыстық байланыстардың ғана емес, Республикамен байланыстың да үзілуіне әкелуі мүмкін.

Қылмыстың объектісі кәмелетке толмаған адамның жеке басының бостандығы болып табылады. Қосымша объект ретінде кәмелетке толмаған адамның денсаулығы, жасөспірімнің жыныстық бостандығы мен жыныстық қолсұғылмаушылығы, сондай-ақ ата-анасының немесе жақын туыстарының осы жасөспірімді тәрбиелеуге қатысты мүдделері болуы мүмкін.

Объективтік жағы кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкетуден көрініс табады.

Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкетуді немесе оны шетелде заңсыз ұстап отыруды білдіреді.

Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету сатылған баланы, мысалы, жалған құжаттар арқылы заңсыз әкету жолымен де, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бала асырап алуды рәсімдеу жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін.

1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер:

балаларды шетелден заңсыз алып кетуге және қайтармауға қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдайды. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екіжақты және көпжақты келісімдер жасасуға немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі (Конвенцияның 11-бабы);

балаларды кез келген мақсатта және кез келген нысанда ұрлаудың, олармен сауда жасаудың немесе олардың контрабандасының алдын алу үшін ұлттық, екіжақты және көпжақты деңгейлерде барлық қажетті шараларды қабылдайды (Конвенцияның 35-бабы).

ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 41-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы балаларды заңсыз орын ауыстырудың, ұрлаудың, олармен сауда жасаудың мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

Кәмелетке толмаған жастағы балаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының қағидаларын бұза отырып, кәмелетке толмаған адамды елден тыс жерге әкетуді білдіреді. 2011 жылғы 22 шілдедегі ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 55-бабы Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге шығу шарттары мен тәртібін айқындайды:

Әркімнің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралуға құқылы;

Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кету ішкі істер органдарының шығуға арналған құжаттарды рәсімдеуінен кейін жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету туралы өтініштер ішкі істер органдарына беріледі:

әрекетке қабілетті азамат өтінішті өзі береді;

балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдері өтініш береді.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығады және Қазақстан Республикасына кедергісіз қайтып оралады.

Шығу және қайтып оралу Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша жүзеге асырылады.

ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына елден тұрақты тұруға кетуге рұқсат беруден бас тарту негіздері мыналар болып табылады, егер ол:

мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерге ие болса және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығу фактісі туралы тиісті уәкілетті органдарды хабардар етпесе — осы мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейін;

қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған болса не күдікті, айыпталушы ретінде тартылса немесе оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса — іс бойынша шешім шығарылғанға дейін немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

қылмыс жасағаны үшін сотталған болса — жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейін;

сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтарса — осы міндеттемелер тоқтатылғанға дейін;

мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрсе — осы қызметті өткеру аяқталғанға дейін немесе ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес одан босатылғанға дейін;

Қазақстан Республикасынан шығуға арналған құжаттарды рәсімдеу кезінде өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарласа — бас тартуға негіз болған себептер жойылғанға және дұрыс мәліметтер ұсынылғанға дейін;

азаматтық сот ісін жүргізуде жауапкер болып табылса — сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін.

Қазақстан Республикасының азаматына салық берешегі болған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуден бас тартылады.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмыс кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкеткен сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен жасалады, яғни кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкетудің жүзеге асатынын сезінеді, алдын ала біледі және соны қалайды.

Себеп қылмысты саралауға әсер етпейді, алайда оны анықтау жазаны даралау үшін қажет.

Қылмыстың субъектісі 18 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға болуы мүмкін.

Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігі бойынша саралаушы белгілер қылмысты пайдакүнемдік немесе өзге де төмен ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасау болып табылады. Осылайша, түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде қылмыстың субъективтік жағында міндетті белгі (себеп) — пайдакүнемдік немесе төмен ниет көзделген, яғни кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкету кезінде материалдық сыйақыны басшылыққа алады. Төмен ниеттер кек алудан, қызғаныштан, арамдықтан және қоғамымыздың адамгершілік құндылықтарымен үйлеспейтін өзге де төмен ниеттерден көрініс табады.

ҚР ҚК-нің 31-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуді жүзеге асыруға алдын ала бірлесіп әкету туралы уағдаласқан адамдар қатысса, мұндай әрекет адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған деп танылады (ҚР ҚК-нің 143-бабының 2-бөлігі).

Жауаптылыққа тарту үшін кәмелетке толмаған адамды заңсыз әкету фактісін анықтау жеткілікті.

ҚР ҚК-нің 143-бабының 3-бөлігі бойынша ерекше ауырлататын саралаушы белгі ҚР ҚК-нің 143-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген әрекетті қылмыстық топтың жасауы болып табылады. Қылмыстық топ ұғымын ҚР ҚК-нің 3-бабының 24) тармағына және 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағына берілген түсініктемеден қараңыз.

ҚР ҚК-нің 143-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатпайтын онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

ҚР ҚК-нің 143-бабының 2 және 3-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған адамды Қ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберу

Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салу белгілене отырып, шегінен шығарып жіберуАстана қаласы Есіл ауданының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 сотының үкімімен: Н., бұ...

Толық оқу »

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге к...

Толық оқу »

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы

28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге шығарып жiберу Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы      Шетел азаматы мына жағдайларда:      а) егер оның iс-әр...

Толық оқу »

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:...

Толық оқу »

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын ҚР шегінен тыс жерлерге шығудан жалтарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы2023 жылғы 7 желтоқсандағы №6212-23-0...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

51-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңШетелдікті нем...

Толық оқу »

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

70-бап. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқар...

Толық оқу »

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу

151-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу 14-тарау. КӘСІПКЕР...

Толық оқу »

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі     1. Мекемелерде ұсталатын, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыст...

Толық оқу »

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қаз...

Толық оқу »

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салу

ҰҚК-ге азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне қатысты ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құж...

Толық оқу »

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салу

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыСот практикасын қорыту нәтижелері бойынша...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулысы.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 201...

Толық оқу »

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу🟩 ҚР ҚК 51-бабы. Қазақстан Республикасынан шетелдікті немесе азаматтығы жоқ а...

Толық оқу »

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы ("такс фри" пилоттық жобасы)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге...

Толық оқу »

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкімшілік шығарып жіберу

51-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тысқары жер...

Толық оқу »

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету

26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету      1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан т...

Толық оқу »

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу

152-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге жөнелту үшін шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын қабылдау қағидаларын бұзу Теміржол, автомо...

Толық оқу »

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасы

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен шығару туралы істерді қараудың сот практикасыСот практикасын жалпылау нәтижелері бойынша шетелд...

Толық оқу »