Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Мына облыстар таратылсын:
1) Талдықорған облысы;
2) Торғай облысы.
2. Мына облыстардың:
1) таратылып отырған Торғай облысының Державин, Жақсы, Жаңадала, Есiл және Қима аудандарының аумақтары құрамына енгiзiлiп, Ақмола облысының;
2) таратылып отырған Талдықорған облысының аумағы құрамына енгiзiлiп, Алматы облысының;
3) таратылып отырған Торғай облысының Арқалық қаласының, Арқалық, Амантоғай, Амангелдi, Жангелдин және Октябрь аудандарының аумағы құрамына енгiзiлiп, Қостанай облысының шекаралары өзгертiлсiн.
3. Талдықорған және Торғай облыстарының таратылуына байланысты мәселелердi шешу үшiн қосымшаларға сәйкес құрамда комиссиялар құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегiN 3466 Жарлығына N 1 қосымша
Талдықорған облысын таратуға байланысты мәселелердiшешу жөнiндегi комиссияның құрамы
Кәрiбжанов - Қазақстан РеспубликасыЖәнiбек Сәлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Ақымбеков - Қазақстан Республикасының АуылСерiк Шаяхметияұлы шаруашылығы министрi
Бәйменов - Қазақстан Республикасы ПрезидентiнiңӘлихан Мұхамедияұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Бейсенов - Қазақстан Республикасы Iшкi iстерАманжол Мұсайынұлы министрiнiң орынбасары
Жұманбеков Жеңiсбек - Қазақстан Республикасы ҰлттықМұхамедкәрiмұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
Коломийцев - Қазақстан РеспубликасыВладимир Иванович Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының ЕңбекНаталья Артемовна және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Мұкашев Жомарт - Қазақстан Республикасы ҚаржыЖангелдiұлы министрiнiң орынбасары
Шардарбаев - Қазақстан Республикасы МемлекеттiкАман Смағұлұлы тергеу комитетi төрағасының орынбасары
Шуткин - Қазақстан РеспубликасыныңСтепан Иванович Бас прокуроры
Шүкеев - Қазақстан Республикасының ЭкономикаӨмiрзақ Естайұлы және сауда министрi
Үмбетов - Алматы облысының әкiмiСерiк Әбiкенұлы
Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегiN 3466 Жарлығына N 2 қосымша
Торғай облысын таратуға байланысты мәселелердiшешу жөнiндегi комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан РеспубликасыАхметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, комиссия төрағасы
Әбдiкәрiмов - Қазақстан РеспубликасыОралбай Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
Әшiмов Нұрғали - Қазақстан Республикасы ЭкономикаСадуақасұлы және сауда министрiнiң орынбасары
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы БасIлияс Жақыпбекұлы прокурорының бiрiншi орынбасары
Браун - Ақмола облысының әкiмiАндрей Георгиевич
Қадамбаев - Қостанай облысының әкiмiТоқтарбай
Қасымов - Қазақстан РеспубликасыАлтай Кәримоллаұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары - Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi
Оразалиев - Қазақстан Республикасы МемлекеттiкМолдияр Молыбайұлы тергеу комитетiнiң орынбасары
Оспанов - Қазақстан Республикасы АуылБақыт Сағындықұлы шаруашылығы министрлiгiнiң жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
Павлов - Қазақстан РеспубликасыАлександр Сергеевич Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Төтенов - Қазақстан Республикасы ЕңбекБайкәрiм Вильямұлы және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары
Сүлейменов - Қазақстан РеспубликасыныңҚайырбек Шошанұлы Iшкi iстер министрi
Шоқаев - Қазақстан Республикасы ҰлттықЕрболат Ыбырайымұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы