Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 483 Жарлығы.

   Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) жаңа реттеушілік саясаттың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысына шығарсын, оның ішінде мыналар көзделеді:

      жаңа реттеушілік саясаттың мақсаттарын және міндеттерін айқындау;

      кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін енгізу;

      жаңа реттегіш құралдарды практикада байқап көру немесе қолданыстағыларын алып тастау үшін эксперименталды құқықтық режимді енгізу;

      құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданылуының соңғы мерзімін айқындау бойынша, сондай-ақ жаңа реттеушілік саясатқа сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу бойынша заңнамалық талаптарды бекіту;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді сапалы жаңартуға бағытталған өзге де ережелер;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес мақұлдаған жаңа реттеушілік саясаттың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін көздейтін Қазақстан Республикасы заңының жобасын 2021 жылғы 1 маусымға дейін әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы