Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 482 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:
| Архарова Жаңылсын Баянқызы | – | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы; |
| Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы | заң ғылымдарының докторы; | |
| Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы | – | Атырау облыстық сотының судьясы; |
| Көлбаева Айжан Әділқызы | – | Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы; |
| Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлы | – | Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты; |
| Сағиденов Ғұлар Ғаббасұлы | – | Павлодар облыстық сотының судьясы; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Н.М.Елемесов, М.Қ.Жанғұттинов, Т.Е.Қаудыров, Н.Н.Кузнецова, Е.Т.Манапов, Б.А.Раисова шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы