Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабына түсініктеме. Жазаларды есептеу және жазаны есепке жатқызу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабына түсініктеме. Жазаларды есептеу және жазаны есепке жатқызу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабына түсініктеме. Жазаларды есептеу және жазаны есепке жатқызу

1. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру мерзімдері айлармен және жылдармен, қамаққа алу — тәуліктермен, қоғамдық жұмыстарға тарту — сағаттармен есептеледі.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жазаларды ауыстыру немесе жазаларды қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке жатқызу кезінде мерзімдер тәуліктермен есептелуі мүмкін.

3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне мынадай есеппен:

1) барынша жоғары, төтенше және толық қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күніне бір күн есебімен;

2) орташа қауіпсіздік мекемесінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күніне бір жарым күн есебімен;

3) ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазаны өтеудің бір күніне екі күн есебімен есепке жатқызылады.

3. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне мынадай есеппен:

1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күніне бір күн есебімен;

2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің бір күніне екі күн есебімен;

3) қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің төрт сағатына бір күн есебімен;

4) түзеу жұмыстары, айыппұл түріндегі жазаны өтеудің тиісінше төрт айлық есептік көрсеткішіне бір күн есебімен есепке жатқызылады.

4. Үкім заңды күшіне енгенге дейін үйқамақта ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу түріндегі жаза мерзіміне бір күнге екі күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, айыппұл түріндегі жазаға — үйқамақта ұстаудың бір күніне қоғамдық жұмыстардың екі сағаты немесе тиісінше екі айлық есептік көрсеткіш есебімен есепке жатқызылады.

5. Адамды сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты, адамды осы Кодекстің 9-бабы негізінде ұстап берген жағдайда, бір күнге бір күн есебімен есепке жатқызылады.

6. Үкімді қайта қарау кезінде адамға жазаның басқа түрі тағайындалған жағдайда, үкім қайта қаралғанға дейін өтелген мерзім немесе орындалған жаза мөлшері жаңа жазаның мерзіміне немесе мөлшеріне есепке жатқызылады. Өтелген мерзімді немесе орындалған жаза мөлшерін есепке жатқызу кезінде:

1) бас бостандығынан айырудың бір күніне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі, бас бостандығын шектеудің бір күні сәйкес келеді;

2) бас бостандығын шектеудің бір күніне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі сәйкес келеді;

3) қамаққа алудың бір тәулігіне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты сәйкес келеді;

4) қоғамдық жұмыстардың бір сағатына айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді;

5) түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткішіне айыппұлдың бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді.

7. Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықпен (аурумен) ауырған адамға мәжбүрлеп емдеудің медициналық сипаттағы шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне немесе мөлшеріне есепке жатқызылады.

Жазалау мақсатын қамтамасыз етудің, сот үкімін дұрыс әрі дәл орындаудың шарты қылмыстық жаза түрлерін есептеу тетігі болып табылады. Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігіне сәйкес белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру мерзімдері айлармен және жылдармен, қамаққа алу — тәуліктермен, қоғамдық жұмыстарға тарту — сағаттармен есептеледі.

Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігінде көрсетілген жазаларды ауыстыру немесе жазаларды қосу кезінде, сондай-ақ жазаны есепке жатқызу кезінде мерзімдер тәуліктермен есептелуі мүмкін (ҚК-нің 62-бабының 2-бөлігі).

Түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігінде үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамаққа алу, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзіміне бір күнге бір күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға — қамауда ұстаудың бір күніне қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты есебімен есепке жатқызылатыны туралы ережелер айқындалған (ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігі).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 9-1-тармағына сәйкес: «ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша қылмыстық жаза мерзіміне қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін адамды қамауда ұстау уақыты ғана, оның ішінде ҚПК-нің 131-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша адамды ұстау уақыты да есепке жатқызылады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін адамды қамауда ұстау уақыты (іздеуде жүрген сотталған адамды ұстауға, оны кезең-кезеңімен жеткізуге, жазаны ауыстыруға және т.б. байланысты) ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігінің қағидалары қолданылмай, қылмыстық жаза мерзіміне есепке жатқызылуға жатады».

Үкім заңды күшіне енгенге дейін үйқамақта ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамаққа алу, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзіміне бір күнге екі күн есебімен, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға — үйқамақта ұстаудың бір күніне қоғамдық жұмыстардың екі сағаты есебімен есепке жатқызылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде қылмыс жасаған және Қазақстан аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстап беру туралы мәселені шешу кезінде олардың үйқамақта, қамауда болу уақытын және бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақытын есепке жатқызу мәселесін айқындау қажет. ТМД елдері арасындағы бұл мәселені шешудің негізі 2002 жылғы 7 қазанда қабылданған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Кишинев конвенциясы болып табылады. Басқа елдермен бұл мәселе екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде шешіледі.

Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты және сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін үйқамақта ұстау уақыты, адамды ҚК-нің 9-бабы негізінде ұстап берген жағдайда, үйқамақта ұстаудың бір күніне қоғамдық жұмыстардың екі сағаты есебімен есепке жатқызылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жасалған қылмыс үшін сот үкімімен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты және адамды сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақыты, адамды ҚК-нің 9-бабы негізінде ұстап берген жағдайда, бір күнге бір күн есебімен есепке жатқызылады.

Сот талқылауына дейін қамауда отырған сотталған адамға негізгі жаза ретінде айыппұл тағайындау кезінде сот қамауда ұстау мерзімін ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңілдетеді немесе оны өтеуден толық босатады (ҚК-нің 62-бабының 6-бөлігі).

Қылмыс жасалғаннан кейін психикалық ауруға шалдыққан адамға мәжбүрлеп емдеудің медициналық сипаттағы шаралары қолданылған уақыт жаза мерзіміне есепке жатқызылады (ҚК-нің 62-бабының 7-бөлігі).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилұлы Борчашвилиден.

Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңБелгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу...

Толық оқу »

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке жатқызу

62-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау мерзімдерін есептеу және жазаны есепке жатқызу 1. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгі...

Толық оқу »

908-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін есептеу

908-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімдерін есептеу 1. Рұқсаттан...

Толық оқу »

739-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мерзімдерін есептеу

739-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мерзімдерін есептеу 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу...

Толық оқу »

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазалау мерзімдерін есептеу

60-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін әкімшілік жазалау мерзімдерін есептеу Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен ес...

Толық оқу »

73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

73-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау мерзiмдерiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқа...

Толық оқу »

60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

60-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкімшілік қамаққа алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке немесе з...

Толық оқу »

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күннен басталады

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының мерзімдерін есептеу уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе басталғаннан кейінгі келесі күнне...

Толық оқу »

13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім...

Толық оқу »

908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Рұқсаттан айыру не оны...

Толық оқу »

739-бап. Мерзiмдердi есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

739-бап. Мерзiмдердi есептеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайда...

Толық оқу »

584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде...

Толық оқу »

48-бап. Мерзiмдердi есептеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

48-бап. Мерзiмдердi есептеуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен ес...

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 48-бабына түсініктеме. Мерзімдерді есептеу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 48-бабына түсініктеме. Мерзімдерді есептеу1. Осы Кодексте белгіленген мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылд...

Толық оқу »