Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 279-бабына түсініктеме. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 279-бабына түсініктеме. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 279-бабына түсініктеме. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзу

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзу абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, —

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет, —

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің негізгі түпкі өнімдерінің — ғимараттар мен басқа да құрылыс құрылыстарының қауіпсіздігі техникалық реттеу жүйесі және құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Осы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзудың адамдардың қаза болу, денсаулыққа зиян келтіру, қоршаған ортаға зиян келтіру, жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке елеулі материалдық залал келтіру, тұрғын үйлердің, өзге де ғимараттардың, құрылыстардың, құрылыс объектілерінің қирау қаупінің жоғары болуымен байланысты екендігінде.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 1-бабының 53) тармағына сәйкес сәулет қызметі — объектінің сыртқы және ішкі келбетін, кеңістіктік, композициялық, көлемдік-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырылуын құрудың шығармашылық процесін қамтитын, құрылысқа (қайта жаңартуға, қалпына келтіруге) арналған жобалау құжаттамасының сәулеттік бөлігінде тіркелген сәулет объектілерін жасау жөніндегі қызмет, жобаны іске асыру кезінде авторлық қадағалауды жүргізу.

Көрсетілген Заңның 1-бабының 25) тармағына сәйкес қала құрылысы қызметі — аумақтар мен елді мекендерді қала құрылысы тұрғысынан жоспарлау, ұйымдастыру және дамыту, олардың аумақтық көлік жоспарлануы мен жол қозғалысын ұйымдастыру, аумақтарды қала құрылысы мақсатында пайдалану түрлерін айқындау, қалалық және ауылдық елді мекендерді кешенді жобалау саласындағы қызмет, ол қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтиды.

Құрылыс қызметі — жаңа объектілерді салу және (немесе) қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (демонтаждау), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өзінің ресурсын өтеген объектілерді пайдаланудан кейінгі кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет (Заңның 1-бабының 31) тармағы).

Осылайша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мыналардан тұрады:

құрылысқа арналған инженерлік ізденістер жүргізуден, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарында картографиялық-геодезиялық қорды пайдаланудан;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негіздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасаудан;

қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуден, келісуден және сараптамадан өткізуден, белгіленген тәртіппен бекітуден;

жаңа құрылыстар салудан, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейтуден, техникалық қайта жарақтандырудан, жаңғыртудан, қайта жаңартудан, қалпына келтіруден және күрделі жөндеуден;

аумақты инженерлік жағынан дайындаудан, абаттандыру және көгалдандыру объектілерін салудан;

аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялаудан;

объектілерді пайдаланудан кейінгі кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуден;

ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізуден және олардың нәтижелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдаланудан;

қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асырудан;

инжинирингтік қызметтерді тартудан және көрсетуден;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарды белгілеуден (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 3-бабының 2) тармағы).

Түсіндіріліп отырған баптың диспозициясы бланкеттік болып табылады, сондықтан қағидаларды немесе нормативтердің міндетті талаптарын бұзу орын алды ма деген мәселені шешу үшін тиісті нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерге жүгіну қажет.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық регламент — Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт (Заңның 1-бабының 45) тармағы).

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес қала құрылысы регламенттері — заңнамалық тәртіппен белгіленген аумақтарды (жер учаскелерін) және басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану режимдері, рұқсаттары, шектеулері (оның ішінде ауыртпалықтар, тыйымдар және сервитуттар), сондай-ақ олардың жай-күйіне енгізілуі мүмкін кез келген жол берілетін өзгерістер (Заңның 1-бабының 26) тармағы).

Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) — адамның тіршілік етуі мен өмір сүруі үшін қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, нормативтік-техникалық құжаттардың, өзге де міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі (Заңның 1-бабының 39) тармағы).

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) — Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің (мемлекеттердің) аумағында қолданылатын мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттардың, қағидалардың және басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі құрылыс объектілерінің азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлкінің сақталуы, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Қарастырылып отырған қылмыстың объектісі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезіндегі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Қосымша объектісі — адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, меншік қатынастары.

Қылмыстың заты — ғимараттар мен құрылыстар, автомобиль жолдары, тоннельдер, электр станциялары, тұрғын үйлер немесе өзге де құрылыс объектілері.

Осы қылмыстың объективтік жағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзудан көрінетін, абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекетпен немесе әрекетсіздікпен сипатталады.

Көрсетілген бұзушылықтарға мыналар жатады:

1.) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиясыз жүзеге асыру;

2\) аумақтардың бекітілген функционалдық мақсатынан, қала құрылысы регламенттерінен, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгіленген режимнен ауытқу;

3\. мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін таңдаудың және берудің (пайдалануға рұқсат берудің), сондай-ақ алып қоюдың заңнамалық тәртіппен белгіленген тәртібінен ауытқу;

қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не оған бекіткен органның рұқсатынсыз өзгерістер енгізу;

4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің, сараптамадан өткізудің және бекітудің белгіленген тәртібінен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не оған бекіткен органның рұқсатынсыз өзгерістер енгізу;

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарға хабарламай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

осы Заңда міндеттілігі көзделген жағдайларда сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз құрылыс жүргізу;

өз бетінше құрылыс салу, сол сияқты ғимараттардың, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) ғимарат бөліктерінің сәулеттік келбетін өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейіндеу);

елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде белгіленген қызыл сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтардағы сары сызықтардан ауытқу;

объектіні жобалау, салу және одан кейін пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарын сақтамау;

құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау және пайдалануға беру, сондай-ақ оларды пайдалану процесінде күтіп-ұстау жөніндегі заңнамада белгіленген тәртіпті бұзу;

елді мекендерді (елді мекендердің бөліктерін) жоспарлау және салу (қайта жаңарту), жобаланатын объектілер, сондай-ақ тіршілік ету және өмір сүру ортасының жай-күйі мен ондағы болжанатын өзгерістер туралы қоғамдық және жеке мүдделерге тікелей қатысты ақпаратты лауазымды адамдардың негізсіз беруден бас тартуы немесе дәйексіз ақпарат беруі;

тіршілік ету және өмір сүру ортасының жай-күйін нашарлататын, азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың және жалпы қоғамның құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, мемлекеттік мүдделерге залал келтіретін, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын өзге де әрекеттер (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабы).

Бұл ретте көрсетілген қағидаларды немесе нормативтер талаптарын бұзу мен туындаған зардаптардың арасында себептік байланыс болуы тиіс.

Ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендері мен жекелеген бөліктерін, әлеуметтік, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу және аумақтарды абаттандыру жобалау құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.

Құрылыс жобасы бекітілген қала құрылысы және сәулет жобаларының, инженерлік ізденістер материалдарының және алынған рұқсат беру құжаттамасының негізінде әзірленеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес жоба — сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есептеулер) түрінде ұсынылған, адамның тіршілік етуі мен өмір сүруінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің ой-ниеті, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама түрінде ұсынылған, ой-ниеттің мәнін және оны іс жүзінде іске асыру мүмкіндігін ашатын құрылыс жобасы (Заңның 1-бабының 11) тармағы).

Жобалау құжаттамасына мыналар кіреді:

аумақты көгалдандыру, оны сыртқы безендіру, монументтік немесе сәндік өнер туындыларын орналастыру және орнату (тұрғызу) жобалары;

қала құрылысы жобалары — аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін кешенді қала құрылысы тұрғысынан жоспарлау, ұйымдастыру, дамыту және салу жөніндегі ой-ниетті қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен кешендердің бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары);

— құрылыс жобасы (құрылыс жобасы) — құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін қажетті көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ сметалық есептеулерді қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өзінің ресурсын өтеген объектілерді пайдаланудан кейінгі кәдеге жарату жобалары да жатады;

— сәулеттік ой-ниетті қамтитын сәулет жобасы — жобалау кезінде сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылысты (монументті) тұрғызудың дербес жобасы немесе объектінің сәулет-көркемдік, композициялық және көлемдік-жоспарлау шешімдерін қамтитын, әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретін және құрылыс жобасын әзірлеу немесе объектіні салуға арналған өзге де құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті көлемде орындалған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлігі (Заңның 1-бабының 13) тармағы).

Жобаны әзірлеуші жобалау құжаттамасын заңнама актілері мен техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес әзірлеуге міндетті.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі туралы көрсетілген Заңның 28-бабын қараңыз.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша материалдық болып табылады. Қылмыс көрсетілген зардаптар: адамның өлімі немесе өзге де ауыр зардаптар туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Түсіндіріліп отырған бапқа қатысты ауыр зардаптарға мыналар жатуы мүмкін: денсаулыққа ауыр зиян келтіру; екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру; халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауы; техногендік немесе экологиялық апаттың, төтенше экологиялық жағдайдың туындауы; ірі немесе аса ірі мөлшерде залал келтіру; апаттар немесе авариялар.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ауыр зардап біліктілік белгісі ретінде көзделген (ҚК-нің 279-бабының 2-бөлігі).

Қылмыстың субъективтік жағы менмендік және немқұрайлылық түріндегі кінәнің абайсыздық нысанымен сипатталады, кінәлі адам өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ оған жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен бұл зардаптардың алдын алуға болады деп есептейді не өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының туындау мүмкіндігін алдын ала болжамайды, алайда тиісті мұқияттылық пен сақтық танытқанда, бұл зардаптарды алдын ала болжауға тиіс және болжай алатын еді.

Қылмыстың субъектісі — арнайы, яғни сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысушылар, мысалы, тапсырыс берушілер (инвесторлар, құрылыс салушылар), іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мердігерліктің жауапты орындаушылары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілер, сондай-ақ құрылыс пен жабдықтарды монтаждау барысына жедел қадағалау жүргізетін қызметтер және басқа да қатысушылар. Қылмыстық жауаптылық 16 жасқа толғаннан кейін туындайды.

Қылмыстық-құқықтық нормалар бәсекелескен кезде құрылыс объектілерін пайдалануға беру және қабылдау жөніндегі қатысушылар, сарапшылар тиісінше ҚК-нің 278, 280-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Түсіндіріліп отырған қылмысты тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзудан (ҚК-нің 277-бабы) ажырату қажет. Құрылыс жұмыстарының қауіпсіздік қағидаларын бұзу құрылыс технологиясын бұзудан, құрылыс материалдарын сапасыз дайындаудан (мысалы, бетонды, кірпіш қалау үшін құрылыс ерітіндісін дайындау), тиісті жобаларсыз құрылыс жұмыстарын орындаудан, құрылыс объектілерінде қауіпсіздік техникасын сақтамаудан (құрылыс алаңдарының нашар қоршалуы, жұмыс орындарын қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеу) және т.б. көрінеді. Бұл қылмыс объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды, олардың элементтерін, конструкцияларын және т.б. сапалы, берік, сенімді, ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде нормалар мен стандарттардың міндетті талаптарын бұзумен сипатталады.

Сондай-ақ зиян келтіру механизмі бойынша талданып отырған қылмысты шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудан (ҚР ҚК-нің 324-бабы) ажырату қажет.

ҚК-нің 279-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объе...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу  1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу 1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәул...

Толық оқу »

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      С...

Толық оқу »

37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты   2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

        37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты 2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы ...

Толық оқу »

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттi...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мыналар сәулет, қал...

Толық оқу »

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет...

Толық оқу »

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) айма...

Толық оқу »

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және қ...

Толық оқу »

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы...

Толық оқу »

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс...

Толық оқу »

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Респ...

Толық оқу »

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізіл...

Толық оқу »

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет және қала құрылыс...

Толық оқу »

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қала құрылысы және құр...

Толық оқу »

31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

 31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттік бақылауды...

Толық оқу »

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Ескерту. 27-1-баптың тақырыбы...

Толық оқу »

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қа...

Толық оқу »

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал...

Толық оқу »

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрыл...

Толық оқу »

34-бап. Авторлық қадағалау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

      34-бап. Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құж...

Толық оқу »

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы За...

Толық оқу »