Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы  

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.  

      Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:  

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;  

      2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекiтiлген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;  

      2-1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының немесе құрылыс салу жобаларының елді мекеннің бекітілген бас жоспарынан ауытқуы және оған сәйкес келмеуі; 

      3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртiбiнен ауытқу;  

      4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу; 

      4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу; 

      4-2) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынан ауытқу; 

      5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу; 

      6) осы заңда мiндеттiлiгi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;  

      7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);  

      8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;  

      9) объектіні жобалау, сараптау, салу және кейіннен пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық өндірістің материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолданбау; 

      10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзу;  

      11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерiстер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;  

      12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектігі бар адамдар мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.  

      2. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.  

      3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ осы Заңның 69-бабына сәйкес белгiленедi. 

      4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар, сондай-ақ қала құрылысы жобасында бұзушылықтар, Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттер талаптарының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің бұзылуы анықталған жағдайда және анықталған бұзушылықтар сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде жойылмаған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, қала құрылысы жобаларын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

      Сараптаманың теріс қорытындысы (сарапшылардың айғақтары) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады. 

      Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттері мен техникалық регламенттердің талаптарын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

      Қала құрылысы жобасында қолданыстағы нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде қала құрылысы жобасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ қала құрылысы жобасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы және мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

      Анықталған бұзушылықтар және сарапшылардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулер беруге жол берілмейді. 

      Азаматтық істер, әкімшілік істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігін және (немесе) дұрыстығын бұзу тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасымен расталады. 

      Сот сараптамасы құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізсіз көтерілгендігін растаған жағдайда жобалау құжаттамасын (жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеген және жобаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

      5. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің талаптары, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелері бұзылып келісілген және берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы, келісілген эскиздік жоба, сондай-ақ жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алынуға не күшін жоюға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

56-бап. Режимдiк аумақтар аймақтары Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Ерекше режим белгiленетiн әскери және басқа объе...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі      Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу  1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар1-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу 1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы сәул...

Толық оқу »

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      С...

Толық оқу »

37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты   2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ 7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

        37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты 2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы ...

Толық оқу »

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

312-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттi...

Толық оқу »

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мыналар сәулет, қал...

Толық оқу »

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет...

Толық оқу »

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

9-2-бап. Байланысты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) айма...

Толық оқу »

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және қ...

Толық оқу »

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы...

Толық оқу »

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

19-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет...

Толық оқу »

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Респ...

Толық оқу »

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы...

Толық оқу »

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізіл...

Толық оқу »

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет және қала құрылыс...

Толық оқу »

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қала құрылысы және құр...

Толық оқу »

31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

 31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттік бақылауды...

Толық оқу »

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      Ескерту. 27-1-баптың тақырыбы...

Толық оқу »

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лицензиялау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Сәулет, қа...

Толық оқу »

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі турал...

Толық оқу »

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

32-2-бап. Автоматтандырылған тізілім Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Автоматтандырылған тізілімге сәулет, қала құрыл...

Толық оқу »

34-бап. Авторлық қадағалау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

      34-бап. Авторлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құж...

Толық оқу »

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы За...

Толық оқу »