Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 157-бабына түсініктеме. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
1. Ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу —
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекетті адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасауы —
алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.
Түсіндіріліп отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі заңда белгіленген оларды шешу тәсілдерін, оның ішінде ереуілге шығу құқығын пайдалана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге кепілдік берілген конституциялық құқықтың бұзылуынан көрінеді (ҚР Конституциясының 24-бабы).
Қылмыстың объектісі болып аталған конституциялық құқық табылады.
Әрекеттің объективтік жағын ереуілге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған іс-әрекеттер құрайды.
Мәжбүрлеу деп жәбірленушінің еркіне психикалық та, физикалық та сипаттағы ықпал етуді түсіну керек.
Мәжбүрлеу — көрсетілетін қысымның немесе көндірудің жоғары деңгейімен сипатталатын ықпал ету нысаны. Мәжбүрлеу экономикалық, әлеуметтік немесе саяси қорқыту түрінде, сондай-ақ күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану арқылы көрініс табуы мүмкін. Мәжбүрленетін адам үшін бағынбау оған төнген жазаның орындалуына әкеп соғады, алайда бағыну да елеулі зиянмен ұштасады.
Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмыс диспозицияда көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан әрекет тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады, яғни адам жәбірленушінің еркін басып отырғанын және сол арқылы оның конституциялық құқығын бұзатынын сезінеді, теріс салдардың туындау мүмкіндігі мен болмай қоймайтынын алдын ала біледі және олардың туындауын қалайды.
Субъектісі болып 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ өзінің қызмет бабын пайдаланатын адам танылады.
ҚР ҚК 157-бабының 2-бөлігінде дәл сол әрекеттерді адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасағаны үшін жауаптылық белгіленген.
ҚР ҚК 157-бабының 2-бөлігі жәбірленушінің еркін басуға жеткілікті, бірақ денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты емес күш қолдануды қамтиды, мысалы, байлап қою, қамап қою, тән ауруын келтіру, денсаулыққа жеңіл немесе ауырлығы орташа зиян келтіру. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстар жиынтығы бойынша: ҚР ҚК-нің 157 және 106-баптары бойынша саралауды талап етеді.
ҚР ҚК 157-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.
ҚР ҚК 157-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауыр қылмыстарға жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар