Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 698 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, əкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен əкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, əкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы əкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы