Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Өкілдін шығынын қосу және өндіру туралы сотқа өтінішхат

Өкілдін шығынын қосу және өндіру туралы сотқа өтінішхат

Өкілдін шығынын қосу және өндіру туралы сотқа өтінішхат

 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.К. Майшиновқа

Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, 347/1.

+7 708 ......

 

Жәбірленуші: Ш.Ж.К.

ИИН .....

сенімді өкілдері: адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

Кеңесбек Ислам Мұхамедұлы

ЖСН 970103300774

050002, Алматы қаласы, Медеу  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.

 

                                                                              Өтінішхат

 

Сіздің өндірісіңізде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 346-бабы 5-бөлігімен, 347-бабымен берілген, 09.05.1984 ж.т. А.Ж.М. қатысты №7598-24-00-1/57 қылмыстық ісі қараған.           

2024 жылғы 13 мамырда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.Ж.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 5-бөлігі, 347 бабымен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің  58 бабының 3 бөлігіне сәйкес А.Ж.М. түпкілікті, жазаларды толық қосу арқылы, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімді жариялау барысында, азаматтық талапта көрсетілген, сотталушы Ж. М.А., жәбірленуші Ж.К. Ш. пайдасына өкілдің көмегіне төленген 500 000 теңге шығындарды өндіру туралы тілегі толық мөлшерінде өндірілсін деп сот жария етті.

Бірақ табысталган соттын үкімінде көрсітелген өкілдерге толенген шығындарды өндірілу туралы ештенге жазылмаған.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 406-1 бабына сәйкес үкім немесе қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот олардың мәнін өзгертпей, жіберілген анық қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру, сот үкімімен не қаулысымен тағдыры шешілмеген заттай дәлелдемелер, азаматтық талап қоюды шешу кезіндегі техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.         

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 406-1 бабына сәйкес,

 

Соттан сұраймын:

 

2024 жылғы 13 мамырда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынын үкіміне жәбірленуші Ж.К.Ш. азаматтық талап тілегі өкілге төленген шығынды өндіру бөлігінде толықтай қанағаттандырылу, А.Ж.М. Ж.К.Ш. пайдасына 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде өндірілу туралы қосымша қаулы шығаруды немесе үкімге қосымша тармақты қосуын сұраймыз.

 

 

Сенімді өкілдері::                                                                          __________/ Адвокат Саржанов Г.Т.

                                                                                               

               __________/ Кеңесбек И.М.

                                               

«___»__________ 2024 ж.

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы