Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Апелляциялық шағым қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына Апелляционная жалоба в апелляционную судебную коллегию по уголовным делам города Алматы

Апелляциялық шағым қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына Апелляционная жалоба в апелляционную судебную коллегию по уголовным делам города Алматы

Апелляциялық шағым қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына

 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасына

Алматы қ., 050000 Қазыбек Би көшесі, 66 үй.

0201@sud.kz

 

Сотталған: Д Косаевна Радан

ЖСН ....

Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

050002, Алматы қаласы, Алмалы  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz

www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 971 78 58.

 

 

Апелляциялық шағым

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 10 ақпан 2025 жылғы үкіміне

 

Құрметты Апелляциялық сот алқасы!!! Әуезов аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігінің 1), 4) тармақтарымен берілген үкімімен толық келісе алмаймын.

ҚР ҚПК 388-бап. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс делінген.  Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады – сот үкімінің заңдылығаны шағымымыз жоқ.

Алайда осы баптын 3 бөлігінде көрсетілгендей Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады делінген – Бірақ шығарылған сот үкімі менің және менің қорғаушыларым тарапынан сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттемей оған баға бермей мен мойындады екен деп жазаның тым ауыр түрін тағайындауы аманатқа қиянат болды.

Сонымен 10 ақпан 2025 жыл Алматы қаласы Әуезов аудандық соты құрамында төрелік етуші: судья Р.Н.Ашкеева, хатшылыққа А.Н.Садуақасованы ала отырып, мемлекеттік айыптаушылар - Әуезов аудандық прокуратурасының бөлім прокурорлары және жәбірленушілер, сотталушы Д.К.Раның, менің қорғаушы - адвокат Г.Т.Саржановтың қатысуларымен аудио-бейне жазба құралдарын пайдаланып, ашық басты сот талқылауында, жалпы тәртіппен:

Д Косаевна Ра, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі -ҚК) 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтарымен сотқа берілген электрондық қылмыстық ісін қарап, Қазақтан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 387-390, 393, 395-398, 401-402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Үкім етті:

Д Косаевна Раны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтарымен кінәлі деп танылсын, оған осы баппен 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын.

Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын.

Сотталған Д.К.Раның «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдарылсын.

ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес Д.К.Раның 28 қыркүйек 2024 жылдан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақытының бір күні қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазаны өтеудің бір жарым күнімен жаза мерзіміне есептелсін.

Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.

Жәбірленушілер Ә.С.Сатыбалдиева, Ш.А.Юсанова азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқықтарын танып, ол бойынша азаматтық сотқа жүгінуге құқылы.

Жәбірленуші-ақы талапкерлер:

1.     Нұрдаулет Жаксылықұлы О.. пайдасына 5 600 000 теңге,

2.     Нурсұлтан Дәулетұлы Т.. 2 500 000 теңге,

3.     Ескендір Әмірбекұлы М.. 2 000 000 теңге,

4.     Мөлдір Төребекқызы С... 2 000 000 теңге,

5.     Томирис Едігеқызы Б... 2 500 000 теңге,

6.     Сабина Айдынқызы С... 1 740 000  теңге,

7.     Ерке Еркебұланқызы Б.. 2 000 000 теңге,

8.     Ержан Ханапияұлы Ә.. 2 500 000 теңге,

9.     Музаффар Абдулкуддосович К.. 2 000 000 теңге,

10. Элъёр Гайратович И... 2 480 000 теңге,

11. Мадибек Асхатұлы Ш.. 2 500 000 теңге,

12. Динара Мухамедиярқызы А.. 2 000 000 теңге,

13. Нұргүл Берікқызы Т.. 2 000 000 теңге,

14. Гүлсалтан Анасбайқызы Ж.. 3 068 000  теңге,

15. Аружан Хайруллақызы А.. 2 000 000 теңге,

16. Анеля Еділқызы С.. 2 000 000 теңге,

17. Сая Сәбитқызы Ахметке 2 500 000 теңге,

18. Дана Конысбекқызы Р.. 3 535 000 теңге,

19. Жансая Азатқызы О.. 2 500 000 теңге,

20. Сая Қалиқызы Е.. 3 200 000 теңге,

21. Балжан Нұрланқызы Ө.. 3 000 000  теңге,

Жалпы сомасы 53 623 000 тенге  талап арыздары толық қанағаттандырылсын.

мемлекет пайдасына 536 230 теңге баж салығы,

жәбірленушілер өтемақы қорына 73 840 теңге мәжбүрлі төлем өндірілсін.

Мен, маған тағылған қылмыстық құқық бұзушылықтың саралауына дау айтпай, маған қатысты сот тым қатал жаза тағайындады, сондай-ақ азаматтық талаптар дұрыс шешілмеді деп санаймын.

Сот тергеуі барысында сот осы қылмысқа қатысы бар, басқа адамдардың бар екенін сенімді түрде анықтады, бұл соттың жекеше қаулысымен расталады. Осыған байланысты мені қылмыс құралы ретінде пайдаланып, мені қылмыстық салаға тартқан басқа адамдардың әрекеті үшін жалғыз мен материалдық жауапкершілікке тартылмауым керек деп санаймын.

 

          Сот өз үкімінің уәждеу бөлігінде, төмендегі тұжырымға келуде:

«Сот тергеуінде сотталушының өзінің қолынан студентерді ақылы бөлімнен тегін бөліміне ауыстыру және резентураға түсіруге келмейтінін білгенімен, тергеумен бөлектен тұлғалардың көмегімен жасау мақсатында, жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, оларды резентураға, тегін бөлімге ауыстырып беретінін айтып, олардың ақша қаражаттарын иемденген, яғни жәбірленушілердің ақша қаражаттарын жымқырған мезгілде сотталушының осы бағытта қандай да бір міндеттемені орындамағандығы белгілі болды.

Мұндай жағдайда, сотталушының жәбірленушілерден ақшаны алған сәтте-ақ, оны қайтаратын ниеті болмағаны, тек сенімді теріс пайдалана отырып, ақшаны жәбірленушілерден алдап алып, оларды адастырғаны анықталды.

Сонымен қатар, сотталушының жәбірленушілерді алдау ойы болмағанын көрсеткен уәждерін сот негізсіз деп санайды, себебі сотталушының студентерді тікелей тегін бөлімге не резидентураға түсіруге мүмкіндігі болмаған, жәбірленушілердің берген ақшаларын, басқа істен бөлектенген адамдардың түспеген студентеріне қайтарып, оларды алдап уәде беріп, созумен шектеліп, олардың берген ақша қаражаттарын өз пайдаларына жаратып тастаған.

Сотталушы Д.К.Раның қылмыстық іс-әрекеттері ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармағымен дұрыс дәрежеленген, өйткені ол адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырып, алдап және сенімдерін теріс пайдаланып, бөтен мүлікке құқықты иемденіп алаяқтық қылмыс жасаған.»

          Аталған соттың уәждерімен келісе алмаймын, өйткені сот төмендегі мән жайларды ескермеді деп есептеймін:

  Сонымен Қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдары, келтірілген шығынға келер болсақ, 2022 жылы мен Нұрсұлтан есімді жігітпен танысып Нұрсұлтан өз тарапынан оның ағасы ҚазҰМУ-де проректор болып жұмыс істейтін Д Убайдилла Махамбетовичпен тел. +7 701 531 12 68, мені таныстырды, танысу барысында У.М Д маған студентерді жинап алып кел резидентураға түсүруге мүмкіндігім бар деген.

Сол уақыттан бастап мен, У.М Д арқылы студенттерді ҚазҰМУ резидентура мамандығына түсіру үшін жинауды бастадым, У.М Дқа беретін сомадан бөлек мен өзіме кіші-гірім пайыз алып отырдым.

Өзім де ҚазҰМУ резидентура мамандығына түсуге құлшынысым болған соң, курстастарыма айта бастадым.

Содан 2022  жылы - 7 студенттің – 9-ын:

 

1.     Мақшан Нұрболат – ҚазҰМУ Отоларингология факультетінде оқып жатыр;

2.     Нұржамал Абайқызы – ҚазҰМУ Акушер гинеколог, Гинекология факультетінде оқып жатыр;

3.     Ақмарал – ҚазҰМУ Афтальмалогия факультетінде оқып жатыр;

4.     Ұлжалғас – ҚазҰМУ Гастроэнтерология факультетінде оқып жатыр;

5.     А..а  А.Б.  – ҚазҰМУ Радиология факультетінде оқып жатыр;

6.     Гульназ - ҚазҰМУ Радиология факультетінде оқып жатыр, тел.: +7 707 690 97 74;

7.     Жұман Айдана - ҚазҰМУ Отоларингология факультетінде оқып жатыр, тел.: +7 702 643 2821;

8.     М.. Аділет – ҚазҰМУ-де оқып жатыр;

9.     Ербол – ҚазҰМУ Офтальмология факультетінде оқып жатыр.

мемлекеттік грантқа У.М Д.. түсіріп берді, түспеген 2 студенттің аттары менің есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар) ақшасын У.М Д бөліп-бөліп қайтарды. Осыдан кейін мен, У.М Дтың сеніміне кірдім. 

2023 жылы мен, У.М Д.. кездесіп сұхбаттасу барысында ол маған 20-30 студентті түсіріп бере алатынын айтып, менен ақша қаражаттарын қолма-қол беруді талап етті.

 Мен төмендегі студенттерді:

1.     Асылхан - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

2.     Назгүль - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

3.     Сардор - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

4.     Олимжон - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

5.     Бекзат - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

6.     Ержан - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

7.     Жанболат - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

8.     Мадина - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

9.     Сабина - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

және тағы басқа студенттердің тізімдерін (толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар) жинап олардың тізімін университетке апарып беріп отырдым. Студенттер менен үнемі түсіріп бере аласызба деген сұрақтарын У.М Дқа айтып отырдым бірақ У.М Д барлығын түсіріп бере алатының маған айтып сендірді.

Студенттерден алынған қолма-қол қаражаттарды менен немесе Ашилов Қасымхан арқылы У.М Д әртүрлі жерлерде алып отырған, олар мыналар: Гранд парк сауда үйіне қарама-қарсы кафеде 3-4 рет, гостиница «Қазақстан», «Москва» сауда үйінде, және Ақсай-5, 25 үй, 6 пәтер, Жандосов көшесіндегі кафеде, т.б. жерлерде У.М. Д өзі келіп немесе жеке жүргізушісі арқылы алып отырды.

Аталған студенттерден жартысынан азы түсе алмаған соң, олардың ақшасын бөліп-бөліп У.М Д қайтарып беріп отырды.

Қайтару уақтысы созылып кеткен соң студенттер шу көтереміз деп, У.М Дқа диктофонмен кіреміз деп дау көтерген соң мен У.М Дты қорғап студенттердің ақшасын өзі қарызға алып мүмкіндігінше жауып отырдым. Кейіннен У.М Д қарызды басқа жаңадан келген студенттердің есебінен жап деп маған тапсырма берген, содан бері мен солай жасай бастадым.

Жоғарыда аталған резиндентураға түсе алмаған студенттер қосымша грант бөлінген кезде түсе бастады.

Алайда уақыт өте келе У.М Д түсірген студенттер «біз өзіміз түстік, У.М Д көмектескен жоқ» деп ақшасын қайтаруды сұрап талап ете бастады.

Алдын ала тергеу барысында У.М Д өзінің қылмысын жасыру мақсатында тергеуге мүлдем басқа және жалған жауап берген, онда ол мені тек 2 рет кездейсоқ кездесті және ешқандай ақша қаражаттарын алмаған деп айтқан, алайда менің У.М Дпен өзара немесе менің азаматтық некедегі күйеуі Әшілов Қасымхан арасындағы қоңырау шалу ақпараттарын тексерсек онда кемінде 500 кіріс-шығыс қоңырауларды анықтауға болады (13 том 79-83 іс беті).

У.М Д  2024 жылы қараша айында қосымша гранттар бөлінеді және студенттер күтсе сол гранттарға түсе алатынын айтқан. Бірақ студенттер оған келіспей ақша-қаражаттарын сұрап полицияға арыз жаза бастады.

Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы менің смартфонымда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.

 

2023 жылы ҚазҰМУ резидентурасына студенттердің түсуі қиындап кеткен соң менің Наргиза (Алматы облысындағы Облздравта жұмыс жасаған (қазіргі Қонаевта қаласында орналасқан)  есімді танысым мені, К Аружан Сакенқызы тел: +7 778 683 57 36, есімді қызбен таныстырды, ол өзінің Алматы облысындағы Облздравта (қазіргі Қонаевта қаласында орналасқан) және Қазак-Ресей медициналық университетінде (әрі қарай - ҚРМУ) қабылдау комиссияcында және билет беретін мұғалімдер арасында таныстары бар екенін айтып сендірді. 

ҚазҰМУ-ен құлаған төмендегі студенттерді ҚРМУ-не түсіріп беріп отырды, олар:

1.     Акимбаева А - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

2.     Гульназ - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

3.     Жансая - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

4.     Нұрбол - (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

Солайша А.С К,  менің сеніміме кірген.

ҚазҰМУ Офтальмология факультетінен құлаған 2 студентті:

1.     Олимжон – КРМУ 2 – курста Скорая помощь неотложка факультетінде оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

2.     Бекзод  - ҚазҰМУ Отоларингология факультетінде 2 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менім смартфонымда бар);

 

А.С К ҚРМУ-ға Жедел жәрдем мамандығына грантқа түсіру үшін 2 500 000 теңгеден алып отырды.  

2023 жылы А.С К ҚРМУ-не Радиология мамандығына 3 студент

1.     Қарлығаш берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

2.     Дабыл  берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

3.     Әділет берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

түсіріп берді.

Алайда А.С К 2 студентті:

Назгүл - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

Ержан - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

қосымша грантқа түсіремін деп, түсіре алмай ақшаны облздрав бермей жатқанын айтып құтылғысы келген. 

А.С К, Назгүл мен Ержан есімді студенттердің қаражатын қайтармаған соң мен өз қалтамнан басқа студенттердің берген қаражатынан беру арқылы ақша-қаражаттарын оларға қайтарып бердім.

А.С К 2024 жылы студенттерді түсіріп бере алатынын айтып сендірген, алайда студенттерді түсіре алмады.

А.С К түсіре алмаған студенттерді орын бөлінгенін күтсін деп сендіріп отырды.

А.С К 2023-2024 жылы ақша қаражаттарын Каспи, Халық банктерінің қосымшалары арқылы және қолма-қол алып отырды.

К Аружан тергеу барысында 2024 жылы менімен және Әшілов Қасымханмен де мүлдем кездескен жоқпын деп жауап берген және мен               Д. Раға 8 400 000 теңгені қолма-қол бердім деп өтірік айтып, тергеуге жалған жауап берген (13 том 90-111 іс беті).  

Мен К Аружанға 2023 жылы – 3 200 000 теңге, 2024 жылы – 8 400 000 теңге барлығын қосқанда 2 жылда 11 600 000 теңге қаражатын бергенмім.

Сонымен қатар А.С Кның алдын ала тергеу барысында берген жауабы ақылға сыйымсыз өйткені ол менімен бір рет қана кездескенін және мен одан әтір су сатып алу үшін қаражаттарды аударғанын айтып жазған. Шындығында мен А.С. Кдан бірде-бір әтір суын сатып алған емеспін.  А.С К өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін жасыру мақсатында тергеуге жалған жауап берген.

Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы менің смартфонымда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.

 

 

2023 жылы мен Ә Назгүл Асылханқызы (13 том 146 іс беті) есімді қызбен таныстым, ол өз тарапынан ҚазҰМУ түлегі болғысы келетінін айтып жеткізді содан Ә Н.А. ҚазҰМУ түсіру үшін менен егерде ол басқа студенттерді алып келсе оған жеңілдік болама деп сұрады және алып келген студенттер үшін өз үлесінің қаражатын алғысы келді.  

Н.А. Әтің өтінішін мен У.М Дқа жеткізгенмін және ол қарсы болмаған, солай мен Н.А Әпен жұмыс жасай бастадым.

Н.А Әті негізі У.М Д оқуға түсірген, алайда Н.А  Ә өзінің салғырттығынан уақтылы арызын жазбай оқуға түсе алмай қалды.

Алайда Н.А  Ә әрі қарай студенттерді жинай бастады олар:

1.     Жұмаш - берген ақшасы 3 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

2.     Жамиля - берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

3.     Сұлтан - берген ақшасы 2 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

және тағы басқа студенттер болған және берген ақшалары есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

Бас-аяғы аталған студенттерден 20 000 000 тенге қаражат шамасында жиналды және оларды  У.М Дқа қолма-қол берілді.

          У.М Д жоғарыда аталған студенттерді түсіре алмағандықтан және У.М Д ақшаны қайтармаған соң мен онымен келісе кейінгі келген студенттердің есебінен оқуға түсіре алмаған студенттерге қаражаттарын қайтарып отырдым.  

Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы менің смартфонымда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламын. 

 

2024 жылы мен, Н Даулетхан (13 том 112-146 іс беті)  деген азаматпен таныстым, бізді іс бойынша куә Ә Назгүл Асылханқызы есімді қыз таныстырды. Н Д. өзінің резидентураға, 1 курсқа грантқа түсіре алатынын, кешенді тестілеуде балл алып бере аламын деп сендірді.

Сонымен мен Д. Нға бас-аяғы келесі студенттердің қаражаттарын бердім:

1.     Балқия - берген ақшасы 2 600 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

2.     Нұрдаулет - берген ақшасы 2 600 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

3.     Арқабаева Аружан - берген ақшасы 1 200 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

4.     Ахмет Сая - берген ақшасы 1 000 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

5.     Райымбаева Дана - берген ақшасы 1 300 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

6.     Ерсұлтан  Сая - берген ақшасы 1 300 000 тенге (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар).  

 

Алайда Д. Нның алдын айтқан сөздерінің барлығы өтірік болып шықты. Ақша қаражаттарын қолма-қол, Халық банк арқылы алып отырды, көбірет кездесіп өтірік сөздеріне сендіріп отырды, кейде телефон алмай жұмысына мен Әшілов Қасымхан екеуіміз барып ақпарат алып отырдық.

Д. Н студенттердің ақшасын шын мәнінде жартылай ғана қайтарды. Оның алдын ала тергеу уақтында берген жауабы қаражатты толық қайтарып бергені жайлы жалған және ақылға сыйымсыз. Оған менің дәлелдерім бар.

Сот отырысы барысында куә Д. Н ақша қаражаттарын студенттерді оқуға түсіру үшін және өз еңбегі үшін 100 000 теңге алып қалмақшы болғанын сотқа айтып жеткізді.

Құрметті сот, куә Д. Нның осы берген жауабы менің жоғарыда берген уәждеріме дәлел ретінде есептеуге болады.

Сонымен қатар, куә Д. Н іс-әрекетінде ҚР ҚК 24-бабы арқылы Қылмыстық кодекстің 190-бабымен Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу бойынша қылмыс құрамы бар және жауапкершілікке тарту мүмкіншігі бар деп есептейміз.

Д. Н төмендегі:

Балқия - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

Нурдаулет - берген ақшасы есімде жоқ (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

және басқа студенттерді (есімдерін ұмытып отырмын) түсіремін деп қаражаттарын алған. Переписка, скрин барлығы бар. Тергеу барысында жалған жауап беріп өтірік айтып тергеуді шатастырды. Биллинг, детализация жасалынса барлығы көрінеді.

Н Даулетханға, мен 8 500 000 теңге қаражатын әртүрлі банк қосымшалары арқылы аудардым, ал 6 000 000 тенге қолма-қол апарып бергенмін. Д. Нның тек 5 500 000 теңгені алып оны қайта қайтардым деген тергеу барысындағы жауабы жалған.

Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы менің смартфонымда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.

 

К Аружан, Убайдилла Д, Н Даулетхан банк қосымшаларынан бөлек қолма-қол алған сол қолма-қол алған қаражаттарын қайтармады.

Мен әр студенттен тек өзіме тиесілі үлесімді алып отырдым, ең артында ешнәрсеге қарамай тек ақша қайтарып отырдым. Себебі, ақшадан шатастырып, адамды  адаммен жаптырып былық қылып жібердім.

 Барлық уақытта мен студенттермен ҚазҰМУ, ҚРМУ түсірерде бірге жүрдім, үнемі К Аружан, Убайдилла Д, Н Даулетханға хабарласып отыратынмын алған ақпаратты студенттерге айтып.

 

Құрметті сот! Мен өз тарапымнан жасалған қылмысты толықтай мойындаймын және барлық жәбірленушілерден кешірім сұрап отырмын. Себебі: заңсыз студенттерді оқуға түсіруге көмектескен үшін. Алайда студенттерді алдау, алаяқтық жолмен ақша табу ойымда болмаған.

Мен ҚазҰМУ жақсы дәрігер боламын деген ниетпен түскенмін. Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетхан, Назгүлге кіршіксіз сенім білдірдім. Студенттерді өзім іздеген емеспін олар көбінесе түсіп кеткен суденттер арқылы келген.

 

Убайдилла Д, К Аружан, Н Даулетхан түсіріп берген студенттер:

1.     Ұлжалғас – ҚазҰМУ Отоларингология факультетінде оқып 2024 жылы бітірген;

2.     Олжас - ҚазҰМУ Нейрохирургия факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

3.     Қарлығаш - КРМУ Кардиохирургия факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

4.     Дабыл - КРМУ Офтальмология факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар);

5.      Әділет - КРМУ радиология факультетінде 1 – курста оқып жатыр (Толық аты жөні немесе телефоны, Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы ақпараттар менің смартфонымда бар)

және басқалары бар, қазір есімде жоқ. Аталған жайт бойынша Ватсап хат алмасулары және ақша қаражаттары жайлы менің смартфонымда барлық қажетті ақпараттар бар. Қажет болған жағдайда сот назарына ұсына аламыз.

 

1 көрініс

Жәбірленуші С. Әсел берген қаражаты

17.11.2023ж– 500 000 тг

26.11.2023ж– 750 000 тг

27.11.2023ж– 750 000 тг

                =2 000 000 тг

12-13 том іс беттерінде

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д студенттеріне бердім

 

2 көрініс

Жәбірленуші О. Н, берген қаражаты

05.02.2024ж– 100 000 тг

05.02.2024ж – 1 900 000 тг общий 5 200 000 тг

01.02.2024ж – 700 000 тг

01.02.2024ж– 800 000 тг

31.01.2024ж – 1 000 000 тг

05.02.2024ж – 500 000 тг

23.09.2024ж – 100 000 тг

23.09.2024ж – 100 000 тг

12-13 том іс беттерінде

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

Шешілген 332 000 тг

Джамиля – 400 000 тг

снятие – 350 000 тг

1 820 000 тг

қалған ақша жазға қалды

5 200 000 – 1 082 000 = 4 118 000 тг

1 300 000 тг – Даулетхан Н

1 300 000 тг – Даулетхан Н

1 000 000 тг – Назгуль

500 000 тг – Д

 

12-13 том іс беттерінде

3 көрініс

Жәбірленуші Н. Талдыбай  берген қаражаты

15.03.2024ж – 1 000 000 тг.  

01.09.2024ж – 500 000 тг

01.09.2024ж – 500 000 тг

18.09.2024ж – 200 000 тг

19.09.2024ж – 300 000 тг

общий 2 500 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

Убайдилла Д

15.03.2024 снятие 450 000 тг

18.03.2024 – 1 000 000 тг Инара М. перевод

Назгуль – 500 000 тг

Бекзод – 500 000 тг

= 2 450 000 тг

12-13 том іс беттерінде

4 көрініс

Жәбірленуші М. Ескендір берген қаражаты

17.04.2024ж

18.04.2024ж

2 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Мадина С.: 300 000 тг

Дәурен Ә.: 200 000 тг

200 000 тг

200 000 тг

12-13 том іс беттерінде

5 көрініс

Жәбірленуші С. Мөлдір берген қаражаты

2 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д

12-13 том іс беттерінде

6 көрініс

Жәбірленуші Б. Томирис берген қаражаты

2 500 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім

12-13 том іс беттерінде

7 көрініс

Жәбірленуші С. Сабина берген қаражаты

2 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім (Каспи)

12-13 том іс беттерінде

8 көрініс

Жәбірленуші Б. Ерке берген қаражаты

2 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д айтуынша студенттерді жаптым, список бердім (Каспи)

12-13 том іс беттерінде

9 көрініс

Жәбірленуші Ә. Ержан берген қаражаты

04.06.24ж

1 900 000 тг салған

общий 2 500 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Д студенттері

Аида З. – 500 000 тг

Назгуль – 500 000 тг

Даулет Е. – 50 000 тг

Ержан – 300 000 тг

Назгуль – 300 000 тг

Снятие 460 000 тг

2 110 000 тг

12-13 том іс беттерінде

10 көрініс

Жәбірленуші Қ. Музаффар берген қаражаты

2 000 000 тг

27.06.2024 ж

 

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д

Аида З. – 400 000 тг

Гүлнұр Ж. – 100 000 тг

Гүльдана О. – 100 000 тг

Мадина Ж. – 100 000 тг

Исмира – 260 000 тг

Снятие – 300 000 тг

Талшын – 100 000 тг

Шамиль – 100 000 тг

=1 460 000

12-13 том іс беттерінде

11 көрініс

Жәбірленуші И. Эльер берген қаражаты

2 480 000 тг

28.06.2024 ж

 

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Инара – 1 000 000 тг

Димаш О. – 400 000 тг

Қасымхан – 350 000 тг

Қасымхан – 420 000 тг 

2 170 000 тг

01.07.2024ж банкоматтан 600 000 тг шешіп Убайдилла Д

12-13 том іс беттерінде

12 көрініс

Жәбірленуші Ш. Мадибек берген қаражаты

04.07.2024ж – 2 000 000 тг

08.09.2024ж – 500 000 тг

 

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д

Қасымхан – 100 000 тг

Жанат Б. – 200 000 тг

Бақытжан – 300 000 тг

Назгуль – 150 000 тг

Зухра – 150 000 тг

Мөлдір К. – 100 000 тг

Бейбарыс Е. – 200 000 тг

Салтанат – 400 000 тг

Снятие – 500 000 тг

1 800 000 тг

700 000 тг – ҚРМУ Аружан (жазда)

12-13 том іс беттерінде

13 көрініс

Жәбірленуші А. Динара берген қаражаты

10.07.2024ж – 2 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Жазда Убайдилла Д наличка

12-13 том іс беттерінде

14 көрініс

Тегісбаева Н. берген қаражаты

2 000 000 тг

14.07.2024ж

 

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Гульназ: 300 000 тг

100 000 тг

500 000 тг – Қасымхан

300 000 тг – Бейбарыс

(1 млн 200 000 тг Каспи)

800 000 тг қалды.

12-13 том іс беттерінде

15 көрініс

Жәбірленуші Ж. Гульсалтанат берген қаражаты

15.07.2024 ж – 1 900  000 тг

15.07.2024ж – 600 000 тг

13.09.2024ж – 200 000 тг

14.09.2024ж – 300 000 тг

16.09.2024ж – 47 500 тг

27.09.2024ж – 21 000 тг

3 068 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д студенттеріне возврат бердім и наличка У. Дқа

 

12-13 том іс беттерінде

16 көрініс

Жәбірленуші А. Аружан берген қаражаты

23.07.2024ж – 500 000 тг

24.07.2024ж – 1 500 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

16.07.2024 снятие – 300 мың

Әділет – 300 000 тг

200 000 тг қалды Каспи

200 000 тг – Салтанат

100 000 тг – Шамиль О.

24.07.2024 Даулетхан – 1 200 000 тг

Қасымхан – 300 000 тг

12-13 том іс беттерінде

17 көрініс

Жәбірленуші С. Анель берген қаражаты

26.07.2024ж

02.08.2024ж

05.08.2024ж

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Д студенттері және Даулетхан

1 300 000 теңге жібердім

Салтанат – 100 000 тг

Қасымхан – 300 000 тг

Алтыншаш – 200 000 тг

1 900 000 тг

12-13 том іс беттерінде

18 көрініс

Жәбірленуші А. Сая берген қаражаты

09.08.2024ж

2 500 000 тг

Халық банк

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д Халық банк арқылы

1 000 000 тг Аружан

1 000 000 тг Даулетхан

500 000 тг өзім

Убайдилла Д өзі түсіретінін айтты

12-13 том іс беттерінде

19 көрініс

Жәбірленуші Р. Динара берген қаражаты

10.08.2024ж – 1500  000 тг

16.08.2024ж – 1 000 000 тг

08.09.2024ж – 500 000 тг

08.09.2024ж – 500 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Даулетхан Н – 1,3 млн

120 000 тг – Халық банк

Халық банк – 300 мың

17.08.2024 – 1 млн Маржан

2 млн, 720 мың

12-13 том іс беттерінде

20 көрініс

Жәбірленуші Ж. Ондасова берген қаражаты

12.08.2024ж – 1 250 000 тг

13.08.2024ж – 1 250 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

К Аружан

2 млн Халық банк

1 000 000 тг бөліп

1 000 000 тг бөліп

12-13 том іс беттерінде

21 көрініс

Жәбірленуші Е. Сая Қалиқызы берген қаражаты

3 200 000 тг

12.08.2024ж – 1 500 000 тг

12.08.2024ж – 1 000 000 тг

03.09.2024ж – 500 000 тг

20.09.2024ж – 30 000 тг

22.09.2024ж – 100 000 тг

24.09.2024ж – 50 000 тг

26.09.2024ж – 20 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Даулетхан Н – 1 300 000

Халық банк Аружан – 1 млн 80 мың

= 2 380 000 тг

Перевод Халық банк 200 000 тг Даулетхан Н

Научный центр кардиологии 200 000 тг

 

12-13 том іс беттерінде

22 көрініс

Жәбірленуші Ө. Балжан берген қаражаты

16.08.2024ж – 2 000 000 тг

17.08.2024ж – 500 000 тг

29.08.2024ж – 500 000 тг

=3 000 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

Убайдилла Д

Аружан/Маржан У. – 1 млн 17.08.2024

18.08.2024ж Назгуль Ә. – 900 000 тг

Нұрсұлу К. – 300 000 тг

Маржан У. – 500 000 тг

=2 700 000 тг

12-13 том іс беттерінде

23 көрініс

Жәбірленуші Ю. Шахруза берген қаражаты

21.08.2024ж – 1 000 000 тг

10.09.2024ж– 200 000 тг

24.09.2024ж– 300 000 тг

28.08.2024ж– 500 000 тг

10.09.2024ж– 300 000 тг

                =2 300 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

К Аружан 2 000 000 тг Халық банк

 

12-13 том іс беттерінде

24 көрініс

Жәбірленуші Е. Ардақ берген қаражаты

08.08.2024ж – 150 000 тг

09.08.2024ж – 850 000 тг

05.09.2024ж – 300 000 тг

14.09.2024ж – 20 000 тг

14.06.2024ж – 180 000 тг

17.09.2024ж – 150 000 тг

17.09.2024ж – 150 000 тг

20.09.2024ж – 200 000 тг

22.09.2024ж – 30 000 тг

=2 030 000 тг

Жәбірленуші берген қаражаттар төмендегі азаматтарға жіберілген / берілген:

 

К Аружан 2 030 000 тг

2 000 000 тг Халық банк

 

12-13 том іс беттерінде

         

Сот үкімінің уәждеу бөлігіндегі соттың пікірі бойынша: «Сонымен қатар іс құжаттарын зерттеу барысында Д.К. Раның «Лото клуб» лотерея клубтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің «Каспий голд» есеп шоттарына 1 қыркүйек 2023 жылдан 5 қаңтар 2024 жыл аралығында Х.Гасанованың есеп шотына 45 597 000 теңге, 28 қыркүйектен 19 қараша 2023 жылы аралығында М.Ибадуллаеваның есеп шотына 1 980 000 теңге, 13 тамыздан 23 қыркүйек 2024 жыл аралығында Ә.Әукенованың есеп шотына 18 445 000 теңге ақша Д.К.Раның «Каспий голд» есеп шотынан аударым жасалған, бұл Д.К.Раның «Каспий голдтан» алынған 1 қыркүйек 2023 жылдан 11 қазан 2024 жыл аралығындағы үзінділермен анықталған. (12 бума, іс беті 24-163).

 Сондай-ақ Д.К.Ра 29 қазан 2023 жылдан 24 қыркүйек 2024 жыл аралығында «Лото клуб» лотерея клубтарына жалпы 47 686 000 теңге ақша қаражатты ұтысқа тіккені, ол «Лото клубтың» берген құжаттарымен толық анықталған. (14 бума, іс беті 31-48)» - деген соттың уәжі негізсіз деп есептейміз.

Аталған 24 көрініс бойынша мен қылмыстық іс материалдарында бар Банк выпискалары бойынша барлық қаражатты Дтың тапсырмасы бойынша түспей қалған студенттерге қайтарып беріп отырдым Қорғаушының және менім ұстанымында айдан анық есептелініп көрініп тұр.

Мен бөлектенген іс бойынша, іс бойынша куә ретінде танылған келесі азаматтардың: Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетханға қатысты олардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеуге байланысты 16.01.2025 жыл Сотқа және Прокуратураға Өтінішхат жолданды қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау және ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу жайлы.

Аталаған өтінішхатта және сотқа Қорғау тарапынан ұсынған материалдарда куәлар Убайдилла Дқа, К Аружанға, Н Даулетханға осы қылмыстық іске қатысы бар екендігін айқындайтын дәлелдемелерді ұсынды.

Алайда сот, сот отырысы барысында куәлар Убайдилла Дтың, К Аружанның, Н Даулетханның іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамының бар екендігін айта келе, және жекеше қаулысын шығара отырып мені барлық қаражатты жымқырды деген уәжі негізсіз деп есептеймін.

 

Іс бойынша Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарына келетін болсақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Құқығы бұзылған адам, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің -   166- бабы, Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен, адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 167-бабанда Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен, қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін. 

Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.

Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.

Осылайша, бұл қылмыстың шынайы кінәлілері жауаптылықтан қашып жүр. Бұл қылмыстық іс оның толық болмауына және қылмыстық істі толық объективті қарауға кедергі келтірген Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарын елеулі бұзушылықтардың болуына байланысты прокурорға қайтарылуға жатады деп санаймыз.

 

 Жәбірленушілермен берілген Азаматтық талап - арыздарға келетін болсақ сот мен жәбірленушілердің ақшалай қаражатын басқа тұлғалардың банктік шоттарына аударғанын немесе оларға қолма-қол ақша бергенін де сенімді түрде анықтады. Қылмыстық әрекеттердің негізгі пайда алушылар жауаптылықтан құтылды.

Осылайша, азаматтық талаптар қараусыз қалдырылған жөн еді, өйткені айыптау актісінде басқа адамдар да нақты көрсетілген, олар да біздің ойымыз бойынша азаматтық жауапкерлер болуы керек.

Осыған байланысты неге прокурор Д. Раға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен айып тағылғанын сот ескермеді. Неліктен ол басқа адамдардың әрекеті үшін материалдық жауапкершілікті өз мойнына алуы керек, бізге түсініксіз. Осылайша, азаматтық талаптар қараусыз қалдыру қажет деп есептейміз.

Сонымен қатар, сот талқылауы барысында сот азаматтық талаптарды қарау тәртібін бұзды деп есептейміз. Маған  жәбірленуші - азаматтық талапкерлердің талап арыздарының көшірмелері сотпен берілмеген. Маған азаматтық жауапкердің құқықтары түсіндірілмеді. Осылайша, сот жәбірленушілердің талаптарын іс жүзінде қарастырған жоқ, маған қойылатын мүліктік талаптарға ұстанымы нақтыланбаған.

Іс материалдарында жәбірленушілерді азаматтық талапкерлер деп тану туралы қаулылар жоқ. Талап-арыздар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмейді.

 Қылмыстық-процестік кодексінің 167-бабының 5 бөлігі «Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады» деп талап етеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 167-бабына сай жазбаша азаматтық талапты осы қылмыстық іс бойынша тек бір ғана Жәбірленуші: С.. Әсель Сафуанқызы 2 000 000 тенгеге берген және алдын ала тергеу ораганы өз қаулысымен азамттық талапкер ретінде таныған (1-том 142-143 іс бетерінде).

 

 

ҚР ҚПК 83-бабы:  Сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады делінген.

Алайда сот отырысы барысында сот хатшысы А.Н.С.. өзіне міндеттелген жұмысын жасамай қызмет бабын асыра пайдаланып әр сот отырысы аяқталысымен Жәбірленушілерден сотқа тездетіп Азаматтық талаптарын жазуды талап етіп жатқан кезін көзімізбен көріп хатшыға ескерту жасадық, бейтараптылықты ұстануды сұрап, алайда Хатшы ескертуімізді елемей әрі қарай әрбір жәбірленушіге жеке жақындап сот отырысына келмегендерге хабарласып азаматтық талап арыздарды жазуды талап еткен, содан кейін алдын ала тергеу барысында тергеу жүргізген тергеуші М.Ермек арқылы Жәбірленушілер чатына азаматтық талап үлгісін жолдаған.  

ҚР ҚПК 23-бабы: Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.

  Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.

  Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.

 

ҚР ҚПК 19-бабына сәйкес «Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс».

Жоғарыдағы аталған мән-жайлар ҚР ҚК 53-бап: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар қатарына жатқызуға болады. Аталған кодекстің 54-бабына сай Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар іс бойынша тергеу органдарымен және қылмыстық іс материалдарымен анықталмаған.

ҚР ҚК 63-бабына сәйкес Егер сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген түйінге келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады. Шартты түрде соттауды қолдану кезінде сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, кінәлі адамның жеке басын, оның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.

Анығын айтқанда Сот жаза тағайындағанда ҚР ҚК 63-бабын қолдануға мүмкіншілігі бар еді және соттың шартты түрде жаза тағайындауына үміттендім. Немесе ҚР ҚК 44-бабына сәйкес Бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрадым.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігінің 1) тармағы - ірі мөлшерде; 4) тармағы - бірнеше рет жасалған алаяқтық жасағаны үшін жаза санкциясында Сотталушының «мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, жазаланады» делінген.

Аталған баптың санкциясында көрсетілгендей жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасын қолдануға немесе 3 жылға бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді қолдану әділетті болар еді деп есептейміз.

 

 

Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтейтiн қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін тағайындау тәртiбiн анықтайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 46,  баптарының ережелерiн және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысын қатаң басшылыққа алуы қажет делінген.

Қасақана қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып алғаш рет сотталған адамдар (еркектер мен әйелдер) жіберіледі деп дөп басылып айтылған.

Сот тарапынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс анықтау жазаның мақсатына қол жеткiзу үшiн маңызды және жасалған қылмыстың ауырлығын, қылмыскердiң жеке басын, оның жасы мен жынысын ескере отырып тағайындалуы керек.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексінің 433-бабының 5) тармағында «жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.

Қылмыстық-процестік кодексінің 438-бабының 5 бөлігінде «Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары есепке алынбай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектерден шықпаса да, бірақ өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады» деп көрсетілген. Сондықтан маған өте қатан жаза тағайындалған деп есептеймін.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 433, 438 баптарына сәйкес,

 

СОТТАН ӨТІНЕРІМІЗ:

 

·        Д Косаевна Раға қатысты Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының 2025 жылғы 10 ақпандағы сот үкімін өзгертіп, жеті жылға дейінгі бас бостандығынан шектеу жазасын қолдануға немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде жазаны өтеуді;

·        Жәбірленуші-азаматтық талапкерлердің талаптарын қараусыз қалдыруды.

   

 Ізгі ниетпен,                                                  Д К Ра

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу