Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Апелляциялық Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сот қаулысына

Апелляциялық Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сот қаулысына

Апелляциялық Шағым  күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сот қаулысына    

 

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 90

0801@sud.kz

8 (7262) 999-104

 

Қорғаушы: Адвокат Галымжан Саржанов

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы

 ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: КЕ  Муратбекович

ЖСН ....

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Қ... көшесі, №... үй тұрғыны.

 

 

Шағым

 «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сот қаулысына                   

 

Қазақстан Республикасы, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары). 

2025 жыл 20 мамыр күні Жамбыл облысы Шу ауданы сотының тергеу судьясы Б.М Мырзалипов, күдікті Е.М.К-тың қорғаушы-адвокаты Б.Д.Б... қатысуымен сот ғимаратының мәжіліс залында, №3166-25-00-2-3м/188 іс материалдарын қарап ашық сот отырысында Шу аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбектің, 1985 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, некеде тұрмайды, уақытша жұмыс істемейді, бұрын сотты болмаған, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Қылышбай көшесі, №19 үй тұрғыны, қылмыстық іс бойынша күдікті Ербол Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қозғаған өтінішхатын дыбыс-, бейнежазба құрылғысын қолдану арқылы қарап, Қаулы етті:

Шу ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбектің күдікті Ербол Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қозғаған өтінішхаты – қанағаттандырылсын.

Күдікті Ербол Муратбекович К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына іздеу ретімен 2 (екі) ай мерзімге сырттай санкция берілсін.

Күдіктіні күзетпен ұстау мерзімі оның нақты ұсталған уақытынан бастап есептелсін.

Күдіктіні мекемеге жеткізген жағдайда күзетпен ұстау орнының бастығы бұл туралы қылмыстық істі жүргізіп отырған органды немесе адамды және қадағалаушы прокурорды дереу хабардар етуге тиіс екені ескертілсін.

Күдікті ұстап алынған кезде оған таңдалған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізілсін.

Күдікті Е.М.К- 2025 жылғы 24 маусымда сағат 22:00-де Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК-нің) 128-131-баптарының талабына сай, Алматы қаласында ұсталып, күзетпен ұстауға алынған, және ол жөнінде 2025 жылғы 27 маусымда хабарлама берілген.

Әрі қарай Шу аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі А.А.Аятбек сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚК-нің) 194-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен күдікті Е.М.К-қа қатысты сырттай санкцияланған күзетпен ұстауды қолданудың негізділігін тексеру туралы терегеу сотына өтінішхат берген.

 

Е.М.К-қа қатысты, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы тергеу сотының қаулысын қорғау тарапы 2025 жылғы 27 маусым күні естіп біліп сот хатшысынан алды.

 

2025 жылғы 27 маусым күні Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалипов, күдікті Е.М.К-, қорғаушы - адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен, №3166-25-00-2-3м/247 іс материалдарын қарап ашық сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану арқылы қаулы етті:

Ұстап алынған күдікті Ербол Муратбекович К-қа қатысты 2025 жылғы 20 мамырда сырттай санкцияланған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп танылсын.

Күдікті Ербол Муратбекович К-қа қатысты санкцияланған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімі 2025 жылғы 24 маусым 22 сағат 00 минуттан 2025 жылғы 24 тамыз 22 сағат 00 минутқа дейін есептелсін. Күдікті Е.М.К-қа кепіл мөлшері айқындаусыз қалдырылсын.  

 

Құрметті аппеляциялық сот алқасы, жоғарыда аталған сот қаулыларымен келіспейміз, себебі күдікті Е.М.К-ты қамауға алуға негіз жоқ. Күдікті Е.М.К-, жоғары білімді қызыл диплом иесі, педагогика ғылымдарының Магистрі дәрежесіне ие,  бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты тұрғылықты жері бар, жеке басы анықталған. Күдікті Е.М.К-, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге,  оның сотта қаралуына кедергі келтіруге ниетті емес.

Сонымен қатар, күдікті Е.М К-, өз отбасысының жалғыз асыраушысы, заңды тұлға құрмай жеке кәсіппен айналысуда,  үйленген, заңды некедегі жұбайы: Рахымғазы Айым Талгатқызы ИИН 920610400546, (Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де логопед болып жұмыс істейді, қазір жүктілігіне байланыста декретте) ортақ некеден 3 (үш) кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар:

1.     А..н Ерболатұлы М.  2019 ж.т.

2.     Ф. Ерболатқызы М.  2022 ж.т.

3.     М.и Ерболұлы М.  2024 ж.т.

 

Сондай-ақ, күдікті Е.М К-тың әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз және оның әрекетерінде ҚР ҚК-нің 194 бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. 

Қолда бар қылмыстық іс матреиалдарын сонымен қатар, 2025 жылғы 20 мамыр күнгі Жамбыл облысы Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповтың күдікті Е.М К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және,  2025 жылғы 27 маусым күні сырттай санкцияланған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негізді деп тану қаулыларын мұқият зерттесек  Е.М К-ты ҚР ҚК-ң Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету Қылмыстық топ болып жасағаны үшін күдіктенуі әрекеттері анықталмаған.

Е.М К- іс-әрекеттерінде Қылмыстық топ болып Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіру жолында ешқандай іс-әрекеттер жасамаған және тергеумен ондай іс- әрекеттер анықталмаған.

Сот 2025 жылғы 20 мамыр күні қабылдаған өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: «күдікті Е.М К- некеде тұрмайды, уақытша жұмыс істемейді». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Алайда тергеу соты алдынала тергеу органымен сотқа ұсынылған 25.02.2025 жылы Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу туралы хаттамадағы ақпаратқа назар аудармаған және тергеу органдарының ақпараттарын тексермеген, іс материалдарын зерттеп-зерделемей сот актісін қаблдаған.

Сот сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын 2 айға санкциялау туралы тергеушінің өтінішхатын мұқият зерттеп-зерделегені анық, алайда тергеу сотқа ұсынылған 25.02.2025 жылы Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу туралы хаттамасындағы жазылған 8 778 085 34 44 телефонына сот  хатшысы арқылы хабарласуды жөн көрмеген, тергеу органдарымен берілген ақпараттың жеткіліктігін жөн көрген.

2025 жыл 27 маусым күні сот, қабылдаған өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: «Іс материалдарына қарағанда, 2025 жылғы 12 ақпанда «Ербол», «Саясат» есімді және тергеумен анықталмаған өзге де тұлғалар Шу қаласы, С.Сейфуллин көшесінде орналасқан «Манилла» кафесінің маңында жәбірленуші С.Ожановқа күш қолдану қатерін төндіру арқылы 4 000 000 (төрт миллион) теңге ақшасын, 60 000 (алпыс мың) теңге тұратын сөмкесін (барсетка), 400 000 теңге тұратын көзілдірігін иемденіп, оқиға болған жерден бой тасалап, жәбірленушіге жалпы 4 460 000 (төрт миллион төрт жүз алпыс мың) теңгені құрайтын материалдық залал келтірген.

Осы дерек бойынша 2025 жылғы 13 ақпанда Шу АПБ-мен ҚК-нің 389-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері табылғаны жөнінде №253166031000042 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.

Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 02.03.1990 жылы туған Саясат Турсынбаевич Алимбаев пен 26.02.1985 жылы туған Ербол Муратбекович К- анықталған. 2 2025 жылғы 11 наурызда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі ҚК-нің 389-бабы 4-бөлігінен ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағына қайта сараланған.

2025 жылғы 22 наурызда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі ҚК-нің 194 бабы 3-бөлігінің 2)-тармағынан ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағына қайта сараланған.». – деген ақпаратты басшылыққа алған.

Жәбірленушінің зардап шеккен уақыты 2025 жыл 12 ақпанда болған, бірақ жәбірленуші полицияға белгісіз себептермен келесі күн 2025 жылғы 13 ақпанда арыздануды жөн көрген, алайда тергеу соты осы мән-жайға көңіл бөлмеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына және ҚР ҚПК 19-бабына сай, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

 

Сот өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: «2025 жылғы 14 мамырда күдікті Е.М.К-тың қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен сырттай сараланған және оның жүрген жерін анықтауға мүмкіндік болмаған.

Сол себепті, оған іздеу жарияланып, жедел іздестіру шараларын жүргізу Шу АПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесіне жүктелген.

Сосын тергеушімен сотқа оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат берілген.». –басшылыққа алған.

Алайда тергеу соты күдікті Е.М К-тың Шу ауданының тұрғылықты тұрғыны, Төле би ауылы, Қылышбай көшесі, №21 (19) үйінде әке-шешесімен және өз отбасымен тұратынын, тергеу тарапынан осы іс шеңберінде бірнеше рет шақырғанда ескертусіз барып сұрақ жауаптарына жауап бергенін, тергеумен үнемі байлыныста болғанын, тергеуші күдіктіге телефон соққанда тұтқаны көтермеу фактілері бойынша анықтамалардың жоқтығын -  ескермеді.

 

ҚР ҚК 31-бап. “Топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық” ұғымына келсек онда кодекс, Егер қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. - делінген

 Егер қылмыстық құқық бұзушылыққа оны бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады делінген.

 

Сот өз қаулысының Анықтау бөлімінде “Күдікті Е.М.К- 2025 жылғы 24 маусымда сағат 22:00-де Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК-нің) 128-131-баптарының талабына сай, Алматы қаласында ұсталып, күзетпен ұстауға алынған және ол жөнінде 2025 жылғы 27 маусымда хабарлама берілген” деген, терегеу береген ақпаратты басшылыққа алып отыр.

 

ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез-келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.

Алайда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнінде Күдіктіні ұстау барысында ешқандай құқықтары түсіндірілмеген, Е.М К-тың жақын тусытарына оның ұсталғандығы жайлы бүгінгі күнге дейін ақпарат берілмеген.

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

Тергеуші, Е.М К- тарапынан берілген мән-жайларды ескермей, істің жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолданбай, істі бір жақты қарап, тек күдіктіні айыптау тарапын ғана ұстанып заң бұзушылыққа жол беріп отыр. 

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

          Прокуратура тергеу тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілгендігін біле тұра тергеушінің іс-әрекеттеріне ешқандай заңды баға бермей заң талаптарының нормаларын белшесінен басып отыр.

           Прокуратура аталған материалдарды мұқият қарап зерттеп-зерделеп өз қаулысымен ескертілуер мен шаралар қабылдаса, Қорғау тарпынан ешқандай күмән болмас еді. Қорғаушы іс бойынша күмән тудыратын процессуалдық әрекеттерді дәлелдуге міндетті емес, крісінше прокурор күмән тудыратын тергеу амалдарын тергеп тексеруге міндетті.

Сот отырысында күдікті Е.М.К-, өзіне келтірілген күдікпен келіспейтінін, тергеп-тексеру органынан бой тасаламай, 3-4 рет шақырған кезде барғанын, 2025 жылдың мамыр айында денсаулығына байланысты Алматы қаласына ем қабылдауға және ота жасатуға кеткенін, ол жөнінде әке-шешесі үйіне келген полиция қызметкерлеріне ескерткенін, Алматы қаласында баласымен саябақта жүрген кезінде полиция қызметкерлері келіп ұстағанын, ешкімнен жасырынуға әрекет жасамағанын мәлімдеп, өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот отырысында оның қорғаушы-адвокаты Г.Т.Саржанов, өтінішхат негізсіз екенін, бұдан алдын сырттай санкциялауға берілген өтінішхат та негізсіз болғанын, істе күдіктінің органынан жасырынғанын дәлелдейтін бірде-бір дәлелдеме жоқ екенін, керісінше ол тергеушінің шақырған уақытында барып жүргенін, тергеуші оның ұялы телефонын біле тұра, полиция бөліміне шақыру үшін қоңырау шалмағанын, әдейі полиция қызметкерлерін оның үйіне жібергенін, одан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынбағанын және ол күдікті деп танылмағанын, сондай-ақ, 2025 жылғы 15 сәуірде ол аурухананың жансақтау бөліміне түскенін, сол уақыттан бері Алматы қаласына барып ем қабылдап, үйіне қайтып келіп жүргенін, одан бөлек оның некеде тұратынын, кәмелетке толмаған 3 баласы барын, әке-шешесімен бірге Шу ауданы, Төле би ауылында тұратынын, бұрын сотты болмағанын мәлімдеп, оған қатысты «үйқамақ» немесе «кепіл» түріндегі бұлтартпау шараларының бірін қолдану туралы сұрауы сот тарпынан жеткілікті дәрежеде баға берілмеді.

Сот актілері болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.

Сонымен қатар сот өз қаулысының анықтау бөлімінде “Сот, күдіктінің жасаған әрекеті ауыр дәрежедегі қылмыс санатына жататындығын, жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілік дәрежесін және сипатын, жеке басының дерегін, жұмыссыз екенін, Шу ауданында тұрақты мекенжайы жоқтығын, осы күдіктеліп отырған бап бойынша бұрын сотты болып, біртектес қылмыстық құқық бұзушылықты қайта жасағанын, сот үкімімен оның іс-әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылғанын ескеріп, көрсетілген мән-жайларға байланысты бостандықта жүріп басқа да қылмыстық құқық бұзушылық жасауы және қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуы мүмкін екенін ескеріп, күдікті А.М.Демеуовты бостандықта қалдыру істі объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта қаралуына кедергі келтіруі мүмкін деген тұжырымға келе отырып, ҚПК-нің 148-бабы 9-бөлігінің талаптарын назарға алып, оған кепіл мөлшерін айқындаусыз «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз бар деп санайды”.

Күдікті А.М.Демеуовтың кім екегдігін біз білмейміз оның, А.М.Демеуовтың бостандықта қалдыру істі объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта қаралуына кедергі келтіруі жайлы ақпарат бере алмаймыз.

Күдікті Е.М К- қылмыскер емес, оған қатысты күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ, бұрын сотталмаған. Тұрғылықты мекен жайы бар Шу ауданында жоғарыда айтылғандай өз отбасысымен және әке-шешесімен бірге тұрады.

Жоғарыда аталған уәждеді ескересек тергеу соты тарапынан аманатқа қиянат жасау болды, тергеу сотына ұсынған дәлелдемелер бойынша Күдікті Е.М К-ты босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабында көрсетілген негіздер бойынша Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге, оны сотта қарауға кедергі келтіруге ниеті жоқ, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауырлығы қылмыстық жауапкершілікке тартуды таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Қылмыстық-процестік  кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр, не iстi объективтi тергеп-тексеруге, немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді, немесе қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.

Тергеу тарапынан алдын ала тергеу барысында Е.М К-қа ауыл немесе аудан аумағынан кетпеу жайлы ешқандай қол хат немесе басқада жүріп-тұруына шектеу қоятын процессуалдық құжаттарды сотқа ұсынбаған және алынбаған.

Е.М К-тың Алматы қаласына бірден-бір баруының себебі, денсаулығының нашарлап, Шу ауданында дұрыс ем алалмауының себеімен барғаны жайлы тергеу сотына қорғау тарпымен барлық медициналық құжаттарды ұсыған едік. Диагнозы: (G99.2) Миелопатия при болезнях, классифицированных в других рубриках (Остеохондроз поясничного отдела позвоночника. Фораминальная секвестрированная грыжа L4-L5 справа, с компрессией Л4 корешка справа. Корешковый компрессионный синдром L4 справа. Гипералгический синдром, Остеохондроз 2 степени. 

ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының  күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        20 мамыр 2025 жылғы Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповтың, күдікті Е.М.К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы қаулысының күшін жоюды;

·        27 маусым 2025 жылғы Жамбыл облысы, Шу аудандық сотының тергеу судьясы Б.М.Мырзалиповтың, күдікті Е.М.К-қа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын 2 айға санкциялау туралы қаулысының күшін жоюды;

·        Күдікті Е.М.К- тергеу изоляторынан босатып, оған қатысты, қамаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды. 

 

Құрметтпен,

Қорғаушы                                                                    Г.Т.Саржанов

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы