Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Алматы қаласының азаматтық істер бойынша пелляциялық сот алқасына Апелляциялық шағым

Алматы қаласының азаматтық істер бойынша пелляциялық сот алқасына Апелляциялық шағым

Алматы қаласының азаматтық істер бойынша пелляциялық сот алқасына Апелляциялық шағым

 

 

Алматы қаласының азаматтық істер бойынша 

Апелляциялық сот алқасына

Алматы қ., 050000 Қазыбек Би көшесі, 66 үй.

0201@sud.kz

Жауапкерден: А.К.О.

ЖСН:. ...........

Алматы қаласы,Қ. ш/а,

М.Т. көшесі 79үй,2 пәтер

8 708 .

сенімді өкілі адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы 

 ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

 

 

Апелляциялық шағым

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы шешіміне

 

              2024 жылғы 08 тамыз күні Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты төрағалық етуші судьясы А.М.Медетова, Талапкер М.К.А. (әрі қарай азаматтық Талапкер) Жауапкер О.А.К. (әрі қарай азаматтық Жауапкер), өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арыз бойынша №7585-24-00-2/581 азаматтық ісін қарап шығып, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 223-226 баптарын басшылыққа ала отырып, сот Шешім етті: Талапкердің талап арызын - қанағаттандырып. Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, М.Т. көшесі, 79 үйдің 2 пәтер иесі А. К.Оспанованың жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою және талапкердің отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтірмеуі міндеттелсін деген шешім шығарды.

           Бірінші сатыдағы соттың шығарған шешімі заңсыз және негізсіз деп санаймыз төмендегі негіздер бойынша:

           Сот өз шешімінде, Жауапкер 2013 жылы 31 қаңтардағы жер учаскесімен үйді сатып алу шартына сәйкес меншік иесі болып танылған. Аталған шартта жер телімі ортақ үлестік деп көрсетілмеген. Жоғарыда аталған үйде Жауапкер өзінің отбасымен тұруда деп көрсеткен….

Алайда сот төмендегі мән жайларды ескермеді деп есептейміз Жауапкердің меншік құқығын белгілейтін құжаттарында анығын айтқанда Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, анықтамасына сәйкес жеке меншік құқығы жеке деп көрсетілген. Сонымен қатар Жауапкердің Жерге орналастыру жобасы (Землеустроительный проект), Жеке меншік құқығы туралы мемлекеттік акт, Техникалық паспорт құжаттарында ортақ үлестік делінген ақпарат жоқ, керісінше Жауапкердің Жеке меншік құқығы жеке деп танылған.

Сонымен қатар сот өз шешімінде Талапкердің пәтері ауланың соңында орналасқандықтан көшеге шығатын жол 1,2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтетінін оны 13.10.2023 жыл көшпелі сот отырысы барысында дәлелденді деп есептейді ...

Аталған соттың уәжімен келісе алмаймыз өйкені Талапкердің пәтері ауланың соңында орналасқандықтан көшеге шығатын жол 1,2 пәтерге тиесілі ауланы бұрын басып өтетін. Көшеге шығатын басқа жол жоқ - деген  аргументтері негізсіз деп есептейміз, өйткені 1 және 2 пәтерлерге тиесілі жер телімдері арқылы өтетін жолдан басқа жол бар. Оған дәлел Талапкердің  үй артындағы жолмен шығуына әбден мүмкіншілігі бар. 

13.10.2023 жыл сағат 11 -де көшпелі сот отырысына қатыстық,  көшпелі сот отырысы барысында талапкер, жауапкердің жер телімінен бөлек қосымша шығыс жолы бар екендігін айдан анық көрдік онда талапкер өзінің үйінің артқы жағымен асфальтталған жолға шыға алады, сайды жағаламай.

Анығын айтқанда Талапкердің өз үйі артынан шығу жолы ені, Талапкердің үйімен көрші Даниярдың қорасы арасында 1,5-2 метр болады сол жолды шөптен тазалап асфалтталған жолға шығуға мүмкіншілік бар. Аталған сөздерді 17.10.2023 жылы саға 15:30 болған офлайн сот отырысында куә ретінде сұралған көрші Данияр, аталған біздің уәждерді растап берді онда куәгер Дания Талапкер мен өзінің қорасы арасындағы арақашықтық 1,5-2 метр деп сотқа жеткізді.  

Оданан бөлек сот отырысы барысында Талапкер  өз бетінше үй артындағы жолмен шығуына жол жасап алды, Жауапкердің қорасын бұзып алу арқылы осы жағдай бойынша сот отырысында жан жақты тылқыланып зерттелді алайда сот осы жағдайды ескермей заңсыз сот шешімін шығаруға жол беріп отыр.   

Жоғарыда аталған негіздердің салдарынан Талапкер тарапынан Жауапкердің жеке меншік  жер пайдалану құқықтары бұзылып отырғанын анықтауға болады.

Сот өз шешімінде, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, М. Тәтімов к-сі 79- үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысанды тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне жер учаскесінде тұрғын үй (литерч.А.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерА1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны анықталды деп есептейді.…….

Алайда соттың аталған уәжімен үзілді-кесілде келісе алмаймыз өйкені шыныменде Жауапкерге тиесілі Кадастырлық №20-322-029-056 жер учаскесінің жалпы аумағы 0,0110 га деп көрсетілген. Сонымен қатар аталған жер аумағында Жылжымайтын мүлік обьектісінің Кадастырлық №20:322:029:056:1:2 Техникалық паспортының ғимараттармен құрылыстардың техникалық сипаттамасына сай  0,0110 га жер учаскесінің аумағында 109,9 шаршы метірінде төмендегі құрылыс нысандары салынған:

           - Жеке тұрғын / Индивидуальный жилой дом үй 49,6 шаршы метір;

           - Тұрғын жалғай салынған үй / жилая пристройка 22,0 шаршы метір;

           - Суық жапсырма / холодная пристройка 4,9 шаршы метір;

           - Асылма / навес 33,4 шаршы метір.

Барлық құзырлы органдардың тексерістерінің нәтижесіне сай жауапкер тарапына жер телімі бойынша және салынған жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша қандайда бір құқық бұзушылықтарға жол берілмеген және барлых техникалаыө талаптарға сай делінген.

ҚР азаматтық кодексінің  188 бабының 3 бөлігіне сәйкес Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

Сот өз шешімінің уәждеу бөлігінде «Жауапкер Оспанова А.К. заңсыз салған іргетасы мен қоршап алған аула кондоминиум жерді ешқандай құжатсыз құзырлы органдардың шешімінсіз және арнайы заңда белгіленген тәртіппен тіркеу органдарында тіркелмей оны қошап алған. Яғни талапкер көшеге шығу үшін 1,2 пәтерге тиесілі ауланы басып өтеді, сол себепті талапкердің талабын заңды деп есептейді» деп дөп басын жазып отыр ....

Алайда аталған соттың уәжімен келісу мүмкін емес өйткені азаматтық іс материалдарына қоса тіркелген құжаттарға мұөият үңілсек Барлық құзырлы органдардың тексерістерінің нәтижесіне сай жауапкер тарапына жер телімі бойынша салынған жоғарыда аталған құрылыс нысандары бойынша қандайда бір құқық бұзушылықтарға жол берілмеген және барлых техникалаық талаптарға сай делінген құжаттарды көруге болады.

Одан бөлек барлық көршілердің жер телімдері өзбеттерінше қоршалған, олардың қоршауы барысында ешқайсысы бір бірінен рұқсат сұрамаған.

Аталға дәлел ретінде  28.12.2024  жыл құзырлы орган тарапынан жүргізілген тексеру №1288 актісіне сай Талапкердің жер теліміне жіне үй жайына жүргізген тексерудің нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып Тексеру нәтижелері бойынша меншік иесіне 22.02.2024 жылғы № 122/131 нұсқама (предписание) берілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 бабына сәйкес, әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.      

Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 8 бабына сай, әркім өзінің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы ш-а, М. Тәтімов к-сі 79-үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысанды тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптарды сақтау мәніне жер учаскесінде тұрғын үй (литерч.А.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерч.А1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны анықталды.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Қала құрылыс бақылау басқармасы КМК- мен нысанды тексеру кезінде жоғарыда аталған жер учаске         сінде өлшемі 2,7 м х 3,0 м, биіктігі 1,73м жертөле құрылғысы бар қолданыстағы шатырдың астына өлшемі 5,5 м х 6,6 м болатын іргетас салынғаны анықталды.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңының 60-бабы 2-тармағының 2 – тармақшасына сәйкес(бұдан әрі-заң)«Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша: жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды жүзеге асыра алады». – делінген анығын айтқанда шатырдың астындағы іргетасқа рықсат алудың немесе құжаттардығ керегі жоқ делінген.

ҚР АПК-нің 15 бабына сай, тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан және іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдайды.

 

 

 

 

вхд.№жт-2024-04470942 24.06.2024 ж.                                        

 

           "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының №ЖТ-2024-04470942 2024 жыл 24 маусымдағы хабарламасына сай, техникалық мұрағаттың деректеріне сәйкес бұрын кадастрлық нөмірі 20-322-029-056 жер учаскесінің жалпы ауданы (0.1390 га) "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №798 Жарлығына сәйкес Алматы қаласының шегіне енген Біріккен облыстық актілер ескеріле отырып айқындалды:

- 03-047-425-1072 (О. А. К), ауданы 0.0110 га;

- 03-047-425-369 (К. А. М.), ауданы 0.0560 га;

- 03-047-425-227 (О.А. К.), ауданы 0.0250 га;

- 03-047-426-085 (Х.С. А.), ауданы 0.0300 га;

Қазіргі уақытта кадастрлық нөмірі 20-322-029-056 жер учаскесінің жалпы ауданы 0.1140 га құрайды, себебі кадастрлық нөмірі 03-047-425-227 жер учаскесі 0.0250 га үлесі (О. А.К.) дербес учаске ретінде айқындалған және кадастрлық нөмірі 20-322-029-711 болып сәйкестендірілген.

           Жоғарыда аталған Жауапкер тарпынан сотқа ұсыналған уәждерді ескерер болсақ Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы соттың шығарған шешімін заңсыз және негізсіз деп санауға толық негіз бар.

           АІЖК-нің 8-бабына сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарды, бостандықтарды немесе қорғалатын мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

           ҚР АІЖК-нің 15-бабына сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа органдар мен адамдарға қарамастан сайлайды.

           ҚР АІЖК-нің 401, 402, 403, 404-баптарына сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым берілуі мүмкін екендігі көзделген. Сот шешіміне апелляциялық шағымдану құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа адамдарға тиесілі және оны облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алқаның кемінде үш судьясының алқалы құрамында қарайды. Апелляциялық шағым, шешім шығарған сот арқылы беріледі. Апелляциялық шағым түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар оларға шешімнің көшірмесін жіберген күннен бастап берілуі мүмкін.

           Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР АІЖК 401, 402, 403, 404,  баптарын басшылыққа ала отырып,

Соттан сұраймыз:

·      Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы

Шешіміне берілген Жауапкердің апелляциялық шағымын - қанағаттандыруды;

·      Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 08 тамыздағы шешімінің - күшін жоюды;

·       Азаматтық талапкер М.К. А. талап арызын толығымен – қанағаттандырусыз қалдыруды;

·       Талапкерден, жауапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген  300 000 тенгені – өндіруді. 

 

 

Құрметпен,

Жауапкер:                                                                А.К О..

 

Адвокат:                                                                           Г.Т. Саржанов.

  

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу