Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Алматы қаласында және Қарағанды облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы

Алматы қаласында және Қарағанды облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Алматы қаласында және Қарағанды облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 16 қаңтар N 535

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы қаласында және Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының соттары үшін бекітілген штат саны шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкілетті мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылсын.      Ескерту. Атауы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.02.09. N 803 жарлығымен .

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы:      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін;      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы