⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы 

       Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін дербес әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. Университет бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді. Университет тәрбие жұмысын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады. 

      2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес дербес айқындайды. 

      3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын дербес бекітеді. 

      4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар дербес бекітеді. 

      5. Университет өзінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың бірыңғай нысанын және оларды толтыру тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді. 

      6. Университет, оның ұйымдары беретін тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар өздерінің иелеріне білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың иелері үшін көзделген құқықтарды береді. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы. 

      Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы