⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Түркістан қаласы мен облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

9-бап. Түркістан қаласы мен облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-бап. Түркістан қаласы мен облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы 

      1. Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы: 

      1) Түркістан қаласының аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      2) Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді; 

      3) Түркістан қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді; 

      4) Түркістан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келіседі; 

      5) Түркістан қаласының ұлттық қолөнерін және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді; 

      6) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын әзірлейді; 

      7) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейді; 

      8) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала құрылысы жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде Түркістан қаласының аумағында барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі іс-шараларды орындауды, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-схемалар жасауды қамтамасыз етеді; 

      9) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймақтары аумағының қала құрылысы регламентін қоспағанда, Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді; 

      10) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің күзет аймағы, құрылыс салуды реттеу аймақтары және күзетілетін табиғи ландшафт аймақтары аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлаған жағдайда, қала құрылысы жобаларын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келіседі; 

      11) Түркістан қаласының дизайн-кодын әзірлейді; 

      12) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді; 

      13) Түркістан қаласының тарихи-сәулет тірек жоспарларын қала құрылысы жобаларына енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді; 

      14) Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді; 

      15) құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жүргізу кезінде осы Заңға сәйкес аумақтың қала құрылысы регламентінің, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуы жөніндегі ұлттық стандарттың сақталуын қамтамасыз етеді; 

      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді; 

      17) Түркістан қаласының аумағында туризмді дамыту мақсатында: 

      туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; 

      туристік қызмет субъектілері үшін туризмді дамытуға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жағдай жасайды; 

      туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді; 

      экскурсоводтарды, гидтерді және туризм нұсқаушыларын кәсіптік даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіреді; 

      туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекітеді; 

      туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау бойынша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді; 

      туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді; 

      кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтейді; 

      кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялайды; 

      туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда отыруға арналған сегіз орыннан асатын автомобиль көлігі құралдарын сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді; 

      18) Түркістан қаласының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді; 

       19) осы Заңның 5-бабының 3-тармағын ескере отырып және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидалардың негізінде Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін әзірлейді; 

      20) Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін әзірлейді; 

      21) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді; 

      22) Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      23) Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, орнату, олардың жұмыс істеуі және оларды демонтаждау тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

      24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін айқындайды; 

       25) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 8-7) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді; 

      26) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

      2. Облыстың жергілікті атқарушы органы: 

      1) Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін келіседі; 

      2) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы