Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 9-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

9-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесіне және мемлекетаралық нормативтерге (мемлекетаралық нормативтік құжаттарға) сәйкес қызметті жүзеге асыруға; 

      2) халықтың тіршілік ету ортасының нашарлауына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін әрекеттерге жол бермеуге; 

      3) өздерінің меншігіндегі (иелігіндегі, пайдалануындағы) пайдаланылатын құрылыс объектілерін мемлекеттік нормативтік құжаттарға және басқа да міндетті талаптарға сәйкес халық үшін олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қол жеткізуді, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тиісті жай-күйде ұстауға; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс салу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін тұрғын, қоғамдық және өндірістік құрылыс объектілерінің және олардың үй-жайларының қолжетімді болуын көздеуге міндетті. 

      Тұрғын аймақ шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілерінің жанында орналастырылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындарды көздеуге; 

      5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне, табиғат пен ландшафттарға залал келтірмеуге; 

      6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 

      2. Қаржыландыру, жоспарлау, iздестіру, негiздемелер, жобалау, салу және оған iлеспе көрсетілетін қызметтер, басқару, пайдалану, қызмет көрсету, тараптардың бiрiнiң балансына беру жөнiндегi шарттарды қамту мүмкiндiгiнен көрiнетiн кешендi сипат "толық бітіріп берілетін" құрылыстың ерекшелiгi болып табылады. 

      Құрылысқа мемлекеттік инвестицияларды қамтитын жобалар бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылысты жоспарлау, қаржыландыру және іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.  

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы