⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы 

      1. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты иесіздендіруді, сондай-ақ иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады. 

      2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинау, өңдеу шарттарының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда оны бұғаттауды, сондай-ақ тексеру іс-шаралары жүргізілгеннен және бұзушылықтар жойылғаннан кейін бұғаттауды алып тастауды жүзеге асырады. 

      3. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жедел-іздестіру, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлескен нормативтік құқықтық актілердің негізінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді, сондай-ақ бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады. 

      4. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты соттарға, құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға, атқарушылық іс жүргізу, анықтау, тергеу органдарына беру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады. 

      5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты шет мемлекеттерге беруі мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы