⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы 

      1. Тәрбиеленушілер ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 

       2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртiбiмен және басқа да заңды негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушілер ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды.  

      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады. 

      4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушілер ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы. 

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы. 

      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы