8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын цифрлық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
1) цифрлық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған цифрлық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
В статью внесено изменений и дополнения Законом Республики Казахстан от 23 июля 2026 года № 352-VIII ЗРК.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Президент
Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела Декларация Указ Приказ Постановление Решение Доклад Заключение Заявление Заключение Конвенция Контракт Меморандум Методика Нормы Нота Правила Программа Устав Хартия Статья Комментарий Резолюция Регламент Протокол Проект Программа Правила Послания