⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Дамуға ресми көмек туралы Заңы 

         1. Уәкілетті орган:

      1) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      2) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      3) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      4) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіреді;

      6) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекітеді және оны іске асыруды жүзеге асырады;

      8) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      9) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 154-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      10-1) дамуға ресми көмектің мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дамуға ресми көмек саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:

      1) әріптес елде дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі ахуалдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асырады;

      2) уәкілетті органға дамуға ресми көмектің жобалық ұсыныстарын (бұдан әрі – жобалық ұсыныстар), дамуға ресми көмектің қолданыстағы жобаларын тоқтата тұру және тоқтату, сондай-ақ тоқтатыла тұрған жобаларды қайта бастау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) әріптес елде дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылуын үйлестіреді және оған жәрдемдеседі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жасайтын мемлекеттерге дамуға ресми көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы