Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде:

      1) бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:

      тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;

      тексеруді тағайындау туралы актіде (олар болған кезде мерзімді ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;

      жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

      тексеруді және (немесе) тергеп-тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған;

      тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) көрсетілген;

      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

      осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған;

      бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары осы Заңның 7-7-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

      2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен мәліметтерді, егер олар тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, ұсынбауға;

      3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) бақылау және қадағалау органының немесе лауазымды адамдардың бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

      5) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау мен қадағалау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей, аудио-, фото- және бейнетүсірілім арқылы тіркеп-белгілеуге;

      6) үшінші тұлғаларды өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қатысуға тартуға құқылы.

      2. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілген кезде:

      1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) объектінің қызметтік үй-жайын (жұмыс орнын), байланыс құралдарын және цифрлық жүйелеріне қолжетімділік беруді қоса алғанда, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарын олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге;

      3) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сәйкес құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

      4) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      7) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерілетін құжаттарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;

      8) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау мен қадағалау объектісіне келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      9) тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) басшысының не оның уәкілетті адамының тексеруді тексеру тағайындалған мерзімдерде бақылау мен қадағалау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ. 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау