7-1-бап. Қордың және "Астана Хаб" қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері Астана Хаб инновациялық кластері туралы Заңы
1. Қорда қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіру визасын алады.
2. "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлері немесе Қордың жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), олардың балалары мен асырауындағы адамдар (растайтын құжаттар болған кезде) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.
3. Қор өзі және "Астана Хаб" қатысушылары тартқан шетелдік жұмыс күшін есепке алуды жүргізеді. Қор тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, оларды ұсыну мерзімділігі мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Қорда және "Астана Хаб" қатысушыларында әрбір тартылған шетелдік пен азаматтығы жоқ адам бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттардың болуы және сақталуы міндетті.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін ұзарту Қордың өтінішхаты бойынша олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шықпастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ.
Осы Заң "Астана Хаб" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы