Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

668-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады: 

     1) талапкерлер – еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша; 

     2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар – авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша; 

     3) өнеркәсіптік меншік объектілерінің талапкер авторлары – өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қоюлар бойынша; 

     4) талапкерлер – алименттердi өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша; 

     5) талапкерлер – мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша; 

     6) талапкерлер – қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қоюлар бойынша; 

     7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар – оларға қылмыстық iстерге және алименттер бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн; 

     8) талапкерлер – Қазақстан Республикасының экология заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша; 

     9) арыз берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша; 

     10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер – оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды күтіп-ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қоюлар бойынша; 

     11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арызбен жүгiнген жеке және заңды тұлғалар; 

     12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қоюмен сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент); 

     13) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша; 

     14) талапкер қандастар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша; 

     15) жеке және заңды тұлғалар – сотқа мынадай: 

     іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қараусыз қалдыру; 

     шешiмді орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту; 

     шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту; 

     талап қоюларды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқамен ауыстыру; 

     жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау; 

     сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту; 

     өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын бұру; 

     соттың сырттай шешімінің күшін жою; 

     арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы арыздар; 

     сондай-ақ мынадай: 

     сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар; 

     соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар; 

     сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар; 

     әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар бергенi үшін; 

     16) прокуратура органдары – барлық талап қоюлар бойынша; 

     17) мемлекеттiк мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары – үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмдерiне шағым жасаған кезде; 

     18) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері және (немесе) кемінде 35 пайызы есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін, өздері құрған ұйымдар – өздерiнiң мүдделері үшін талап қоюды берген кезде; 

     19) сақтандырушылар мен сақтанушылар – мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша; 

     20) талапкерлер мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталудан, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан не қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша; 

     21) Ұлттық Банк, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде; 

     22) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде; 

     23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша; 

     24) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссиялары – қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша; 

     25) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері – уақытша әкімшіліктің мүддесінде берілген талап қоюлар, арыздар, шағымдар бойынша; 

     26) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берілген банктер – мынадай: 

     бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектi өндiрiп алу; 

     мүлікке өндіріп алуды қолдану; 

     борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюларды берген кезде; 

     27) облигация ұстаушылардың өкілдері – эмитенттердің облигациялар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигациялар ұстаушылардың атынан талап қоюды берген кезде; 

     28) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесінде талап қоюды берген кезде; 

     29) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары – борышкерлерден зейнетақы активтеріне қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде талап қойған және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде; 

     30) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыздар берген кезде; 

     31) талапкерлер (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерін көздей отырып қорғау туралы талап қоюлар (арыздар) бойынша; 

     32) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым – талап қойған және сот шешімдеріне шағым жасау кезінде; 32) тармақша 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады 

 

     33) талапкерлер – әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюлар бойынша; 

     34) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктен төленбеген жарналардың сомасын, сондай-ақ қосылу шарты бойынша олардың өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға байланысты даулар бойынша. 

     Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар сот актілеріне шағым жасаған кезде де соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 

     Жеке тұлғалар – Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында мемлекеттік баж төлеуден босатылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

668-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерін салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) - бейрезидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған: 

      1) мыналарды: 

      базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) немесе заңды тұлғалардың атауын; 

      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты; 

      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы. 

      Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар: 

      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен орталық депозитарий арасында жасалған жағдайда орталық депозитарий;  

      немесе егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;  

      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар. 

      Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде салық агентіне ұсынылады. 

      2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұстап қалған, салық ұстап қалудан босатылған кірістер сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте көрсетуге міндетті. 

      Бұл ретте салық агенті өзі тұрған жердегі салық органына бейрезидент-салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады. 

      3. Осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке кірістер төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті. 

      Ұстап қалған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады. 

      4. Салық агенті түпкілікті (нақты) табыс алушы бейрезиденттің кірістерінен ұстап қалған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, осындай бейрезиденттің халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұстап қалған табыс салығын қайтаруға құқығы бар. 

      Бұл ретте бейрезидент салық агентіне: 

      1) базалық активі резидент-эмитенттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 

      2) мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезең үшін оның резиденттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.  

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұстап қалған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін ұсынады. 

      Бұл ретте артық ұстап қалған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді. 

      5. Салық агенті өзі тұрған жердегі салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалу және аудару жүргізілген салықтық кезең үшін төмендетілген салықтық мөлшерлеме қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұстап қалатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисапты ұсынуға құқылы. 

      Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұстап қалған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру1. Талапкерді сотқа...

Толық оқу »

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:     1) азамат...

Толық оқу »

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің1. Талап қоюшыны сотқа берілетін тала...

Толық оқу »

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімг...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібі

Мемлекеттік бажды төлеуден босатылған талапкерлердің талаптары үшін заңды тұлғалардан мемлекеттік бажды өндіріп алу тәртібіАІЖК-нің 106-бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкерді со...

Толық оқу »

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

671-бап. Өзге де әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:     1) азамат...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан кейін жалғасады.

Талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған кезде істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төлеудің дәлелдемелерін ұсынғаннан...

Толық оқу »

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

669-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекетті...

Толық оқу »

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш

Төленген мемлекеттік бажды қайтару туралы Мемлекеттік кірістер басқармасына өтінішМемлекеттік кірістер басқармасынаДепартаменттің Сарыарқа ауданынаАстана қаласының мемлекеттік...

Толық оқу »

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі

51-2-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер...

Толық оқу »

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

667-бап. Нотариаттық және өзге де әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мөлшерлемелері. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республ...

Толық оқу »

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың...

Толық оқу »

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің1. Талап қоюшыны сотқа берілетін тала...

Толық оқу »

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

665-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Сотқа берiлетiн әкімш...

Толық оқу »

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

135-бап. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру жеке тұлғаның мүліктік жағд...

Толық оқу »

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу

105-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын қосымша төлеу1. Талап қою бағасын айқындау қиын болған кезде оны ұсынған сәт...

Толық оқу »

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексі

670-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келт...

Толық оқу »

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті...

Толық оқу »

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу

Микрокредит бойынша МҚҰ МҚҰ шартын жарамсыз деп тану, мемлекеттік бажды және өкілдік шығыстарды төлеу бойынша шығыстар сомасын өндіріп алу"Sofi Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС...

Толық оқу »

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қою берілген кезде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда судья м...

Толық оқу »

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан кейін жалғасады

Талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту істі ұлғайтылған талаптар бөлігінде қарау талап қоюшы сот белгілеген мерзімде мемлекеттік баж төленгені туралы дәлелдемені ұсынғаннан к...

Толық оқу »

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тарту

Мемлекеттік бажды және өзге де сот шығыстарын төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу талаптарынан бас тартуНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызд...

Толық оқу »

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеу

Егер олардың біреуі оны төлеуден босатылған болса, бірнеше адам сотқа жүгінген кезде мемлекеттік бажды төлеуСалық заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлеуші төл...

Толық оқу »

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеу

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы даулар бойынша мемлекеттік баж төлеуСотта қарау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылардың мүд...

Толық оқу »

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс айқындамаған, іс бойынша белгіленген мән-жайларға сәйкес келмейтін қорытындыларға жол берген

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірген залал сомасын және мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды өндіріп алу жөніндегі адвокат бірінші сатыдағы сот іс...

Толық оқу »

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру

106-бапқа түсініктемелер. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің мемлекеттік бажын төлеуді кейінге қалдыру1. Талапкерді сотқа...

Толық оқу »