666-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 0,5 АЕК;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 7 АЕК;
көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 30 АЕК;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 1 АЕК;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылушы үшін 0,5 АЕК;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 1 АЕК.
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін – 4 АЕК.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:
1) халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 667, 668, 669, 670 және 671-баптарында белгіленген;
2) осы Кодекстің 672, 673 және 674-баптарында белгіленген тәртіп қолданылатын осы Кодекстің 650-бабында айқындалған кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы Кодекстің 644-бабында көзделген кірістеріне қолданылады.
2. Бейрезидент бір немесе байланысты жобалар шеңберінде қызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан кіріс алған жағдайда, салық агенті осы бапты қолдану мақсаттары үшін бейрезиденттің тұрақты мекеме құру фактісін, оның ішінде қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде айқындайды.
Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің кірістерін салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
3. Салық агентінің бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде салық салудан босатуды дербес қолдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілмеген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, салық агенті мұндай бейрезидент кірісті түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа кіріс төленген жағдайда, салық агенті бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы:
мұндай кіріс резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жатады және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жатады;
резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайды.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі.
4. Халықаралық шарт бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне ұсынған жағдайда қолданылады.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:
1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалған салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан;
2) бейрезидентке кіріс төленген салықтық кезең үшін төлем көзінен ұстап қалатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Салықтық тексерудің аяқталу күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.
5. Егер бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында мұндай бейрезидент резиденттікті растайтын құжатпен бірге салық агентіне:
құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін не
құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмені ұсынады.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда мұндай бейрезидент салық агентіне:
бейрезидентті құруға негiз болған, мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы құқықтық (заңдық) күшін растаған құжатты (актіні) не
қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттің (аумақтың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, ұйымдық құрылымын көрсететін өзге де құжатты ұсынады.
6. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет шеңберінде жүзеге асырылса, онда осындай шарттың қатысушысы болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың не оның бірлескен қызметтегі қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент-заңды тұлғаның кірісіне бірлескен қызмет туралы шартта немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжатта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне пропорционалды халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
7. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұстап қалған, салық ұстап қалудан босатылған кірістер сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзі тұрған жердегі салық органына төртінші тоқсанның салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
8. Салық агенті халықаралық шарт ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 645-бабында айқындалған тәртіппен төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.
Ұстап қалған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға жатады.
9. Халықаралық шарт ережелерінің мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге алып келген құқыққа сыйымсыз қолданылуы кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 666-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы