625-бап. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы (осы параграфтың мақсаттары үшін – төлемақы) мыналарды:
1) жерүсті су объектілерінің су ресурстарын;
2) жануарлар дүниесін;
3) өсімдік және орман ресурстарын;
4) жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін алынады.
2. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін арнайы су пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдаланудың түрлері үшін алынады.
Ресімделген рұқсат беру құжатынсыз арнайы су пайдалану су алудың іс жүзіндегі көлемін су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың белгіленген көлемінен асыра отырып су пайдалану ретінде қаралады.
3. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен алынады.
Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан алып қоюға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Төлемақы:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, мекенін ауыстыру, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген әрі еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланған;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
4) халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қойған кезде алынбайды.
4. Мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен басқа, жердің барлық санатындағы учаскелердегі өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтары үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) кезінде арнайы пайдалану тәртібімен алынады.
5. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың мынадай түрлері үшін төлемақы алынады:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр мен ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;
4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүктер, орман төсеніші мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін:
мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар;
аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдас екпе материалын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіру үшін пайдалану.
Осы тараудың мақсаттары үшін орман пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою да жатқызылады.
Табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде мұндай алып қоюлардың көлемін, төлемақы мөлшерін және оны төлеу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір жекелеген жағдайда белгілейді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілетін ағаш кесу билеті мен орман билеті (бұдан әрі – рұқсат беру құжаты) негізінде беріледі.
Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген және фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық мұқтаждықтар үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама жіберілген жағдайда беріледі.
6. Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіп берілетін, жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығы үшін алынады.
7. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері, олардың тұрған жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су ресурстарын алудың және (немесе) пайдаланудың белгіленген көлемі, рұқсаттарға және су ресурстарын алу және (немесе) пайдалану көлемдеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтау бойынша су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың, Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтау бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі сот актілерінің нәтижелері туралы мәліметтерді өздерінің тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады.
8. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді ұсынады.
9. Мемлекеттік орман иеленушілер (жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғат қорғау мекемелері; теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.
11. Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына мөлшері осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын төлемақыны төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.
12. Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің тұрған жеріндегі салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
625-бап. Консулдық алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Осы Кодекстің 626-бабында көзделген консулдық әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент-шетелдiк заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы