⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 қарашадағы № 353-IV Заңы 

      2008 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған 1998 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының       Президенті                                     Н. Назарбаев 

   Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (2011 жылғы 14 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2011 ж., N 1, 9-құжат) 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістерді енгізуге келісті:       1-бабының 2-тармағындағы:       1) «15000 шаршы метр» деген сөздер «16400 шаршы метр» деген сөздермен ауыстырылсын;       2) «Заречное» кентінде (бұрынғы «Буревестник» еңбек және демалыс лагері)» деген сөздер «Ақыртас көшесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;       3) «20000 шаршы метр» деген сөздер «21400 шаршы метр» деген сөздермен ауыстырылсын.       Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.       Осы Хаттама өзінің қолданысын Келісімнің қолданысын тоқтатуымен бір мезгілде тоқтатады.       Астана қаласында, 2008 жылғы 22 мамырда әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей. 

        Қазақстан Республикасының     Ресей Федерациясының               Үкіметі үшін                Үкіметі үшін 

      2008 жылғы 22 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерін орналастыру және оларға қызмет көрсету шарттары туралы 1998 жылғы 12 қазандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасы       Сыртқы істер министрлігі       Халықаралық-құқық департаментінің       Басқарма бастығы                             Ж. Бұхбантаев 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы