617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы, сотталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде тілек білдірген;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанының қолда бар дәлелдемелеріне, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім, егер қылмыстардың ең болмағанда біреуі осы бапта және осы Кодекстің 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, қылмыстардың жиынтығына қатысты жасалмайды.
Ескерту. 617-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы