Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-бап. Уәкілетті органның функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

6-бап. Уәкілетті органның функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-бап. Уәкілетті органның функциялары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы 

      Уәкілетті орган: 

    1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      1-1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      2) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысады; 

      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

      4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады; 

5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      7) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; 

      8) ведомостволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастырады; 

      9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдайды және тәртібін айқындайды; 

      10) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады; 

      11) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      12) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлейді және бекітеді; 

      13) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлейді; 

      13-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлейді; 

      14) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлейді; 

       15) осы Заңның 7-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      16) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді; 

      16-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 

      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік етеді және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдайды; 

    18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысады;

      19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлейді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      20) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      24) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      27) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді; 

      28) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз етеді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      29) ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 

      30) әскери мақсаттағы технологиялар бойынша жобаларды іске асыруды үйлестіреді; 

      31) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      32) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      33) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлейді; 

      34) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі – сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекітеді; 

      35) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      36) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ 

      37) ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысады; 

      38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асырады; 

      39) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      40) әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, бекітеді, өзгертеді, олардың күшін жояды және есепке алуды жүргізеді; 

      41) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

      Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы