6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы
1. Алып тасталды - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы