6-2-бап. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
1. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және ол арнаулы құқық субъектісі болып табылады.
2. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің жұмысын тұрақты негізде тәулігіне жиырма төрт сағат бойы, аптасына жеті күн қамтамасыз етеді.
3. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген сақтау мерзімі тасымалдарды қадағалау кезінде пайдаланылған навигациялық пломба істен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
6. Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы