Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі Азаматтық қорғау туралы Заңы

5-бап. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі Азаматтық қорғау туралы Заңы 

     1. Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі:

      1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының аумағын қамти отырып, республикалық құлақтандыру жүйесі;

      2) аумақтық деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын қамти отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) объектілік деңгейде – адамдар жаппай болатын объектінің, қауіпті өндірістік объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халықты қамти отырып, жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Республикалық құлақтандыру жүйесі:

      1) Қазақстан Республикасының халқына;

      2) азаматтық қорғаудың басқару органдарына;

      3) азаматтық қорғаудың күштеріне;

      4) уәкілетті органның аумақтық органдарына құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді;

      Республикалық құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала, астана халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;

      2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;

      3) шұғыл және авариялық қызметтерге;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды уәкілетті органның аумақтық органы қамтамасыз етеді.

      4. Жергілікті құлақтандыру жүйесі:

      1) төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне;

      3) адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына;

      5) төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жергілікті құлақтандыру жүйесін ұдайы әзірлікте ұстап тұруды адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлға қамтамасыз етеді.

      5. Құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді:

      республикалық деңгейде – жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайлар қатері төнген және олар туындаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлар қатері төнген және олар туындаған кезде, республикалық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша республикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде – уәкілетті органның басшысы;

      аумақтық деңгейде – жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар қатері төнген және олар туындаған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің халқын құлақтандыру үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі не төмен тұрған әкім, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде – уәкілетті органның аумақтың органының басшысы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      объектілік деңгейде – адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға береді.

      Халықты дереу құлақтандыруды талап ететін төтенше жағдайлар қатері төнген және олар туындаған кезде уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының жедел-кезекші қызметі лауазымды адамдарының уәкілетті лауазымды адамдардан өкім алмай құлақтандыру жүйесін іске қосуына жол беріледі.

      6. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың туындау қатері немесе туындауы туралы және қалыптасқан жағдайда адамдардың әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты бір уақытта және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      7. Республикалық және аумақтық деңгейде құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жергілікті құлақтандыру жүйесін құру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы