Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:  

      1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру; 

      2) банк операцияларының және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуді, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу; 

      3) банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің құрылымын өзгертуді қоса алғанда, оларды қайта құрылымдау; 

      4) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту; 

      5) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу; 

      6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру; 

      7) жеке немесе заңды тұлғаны банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану; 

      8) банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жеңілдікті шарттарда жасалған мәміленің шарттарын жеңілдікті шарттармен мәміле жасалған күні үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелер шарттарына өзгерту; 

      9) банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын операцияларды шектеу; 

      10) жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату; 

      11) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау; 

      12) осы Заңның 20-бабында және уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады; 

      13) банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу; 

      14) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар депозиторларының және (немесе) кредиторларының және (немесе) клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою; 

      15) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. 

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады. 

      3. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдау және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. 

      Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.  

      4. Уәкілетті орган мен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар немесе банктің ірі қатысушысы арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.  

      Жазбаша келісім банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар немесе банктің ірі қатысушысы тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады. 

      5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйым немесе банктің ірі қатысушысы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

      6. Банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін. 

      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК...

Толық оқу »

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауы...

Толық оқу »

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып ке...

Толық оқу »

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамды мемлекеттiк...

Толық оқу »

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды.

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыр...

Толық оқу »

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекс...

Толық оқу »

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталады

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталадыЖ...

Толық оқу »

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандыры...

Толық оқу »

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу н...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлуМемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы...

Толық оқу »

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды барынш...

Толық оқу »

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі Жол жүрісі туралы Заңы

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіЖол жүрісі туралы Заңы      1. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жол-көлік оқиғала...

Толық оқу »

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi ая...

Толық оқу »

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауҚылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қ...

Толық оқу »

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1. Бюджеттік тәуекел – бұл орта мерзімді перспективада ішкі және (немесе) сыртқы э...

Толық оқу »

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіҚаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, б...

Толық оқу »

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы       1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішін...

Толық оқу »

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқо...

Толық оқу »

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқару Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқаруҚазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Биологиялық тәуекелдерді басқару қауіпті биологиялық факторлард...

Толық оқу »

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде с...

Толық оқу »

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулы...

Толық оқу »

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкілетті орган анықталған кемшілікте...

Толық оқу »

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы   Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жү...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚарағанды қаласы Қазыб...

Толық оқу »

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін...

Толық оқу »