Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

93-бап. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі  Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау мақсатында салықтық әкімшілендіру кезінде салық органы жүргізетін іс-шаралар кешені. 

     Салықтық тәуекел – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалмауының ықтималдығы. 

     2. Салықтық әкімшілендіру кезінде салықтық тәуекелді азайту жөніндегі шаралар алдын алу және бақылау шараларына бөлінеді. 

     Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі алдын алу шаралары салық төлеушілерді (салық агенттерін) салықтық нысандарды табыс ету, салықты және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу, тіркеу есебіне қою мерзімдерінің басталғаны және (немесе) өзге де салықтық міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы жүзеге асырылады. 

     Салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі бақылау шаралары камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау, салықтық бақылау және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. 

     Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тәуекелді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану салық органының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып та айқындалады. 

     Салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

     3. Салықтық тәуекелдерді басқару кезінде алынған ақпарат, сондай-ақ салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібі қолжетімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген құпия ақпарат болып табылады.  

     Салық органдарының лауазымды адамдары алынған ақпаратты тек салық органына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады және оларды өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де таратуға құқылы емес. 

     Көрсетілген ақпаратты өзге тұлғаларға, оның ішінде салық төлеушілерге беруге тыйым салынады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

93-бап. Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 

      1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде: 

      салықтық есептілікті ұсынбаған; 

      экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған; 

      егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған; 

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған; 

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша: 

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған; 

      осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған; 

      жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ; 

      әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; 

      салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады. 

      Осы тармақтың ережелері: 

      1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын; 

      2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды. 

      2. Салық органдары жыл сайын: 

      1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады; 

      2) мынадай мәліметтерді: 

      сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда); 

      салық төлеушінің тіркеу нөмірін; 

      жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын; 

      субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын; 

      кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады; 

      3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін: 

      екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы; 

      уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы; 

      тіркеуші органға – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді. 

      3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды. 

      4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады. 

      5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді. 

      Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізделген тәуекел жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК...

Толық оқу »

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауы...

Толық оқу »

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

919-бап. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып ке...

Толық оқу »

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамды мемлекеттiк...

Толық оқу »

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды.

Жалға алынған мүлікке зиян келтіру жалға алушының мүліктік құқығын бұзбайды, сондықтан жалға алушының жалға алынған мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыр...

Толық оқу »

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

59-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекс...

Толық оқу »

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталады

Сот салық төлеушінің өтінішін қанағаттандырудан Дұрыс бас тартты, өйткені тәуекел дәрежесі"бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған түрде анықталадыЖ...

Толық оқу »

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандыры...

Толық оқу »

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

411-бап. Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу н...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлуМемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы...

Толық оқу »

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі Жол жүрісі туралы Заңы

20-бап. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіЖол жүрісі туралы Заңы      1. Жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жол-көлік оқиғала...

Толық оқу »

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi ая...

Толық оқу »

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалауҚылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қ...

Толық оқу »

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 1. Бюджеттік тәуекел – бұл орта мерзімді перспективада ішкі және (немесе) сыртқы э...

Толық оқу »

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

15-3-бап. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіҚаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, б...

Толық оқу »

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы

53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Сақтандыру қызметі туралы Заңы       1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішін...

Толық оқу »

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

8-бап. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқо...

Толық оқу »

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқару Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

14-бап. Биологиялық тәуекелдерді басқаруҚазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Биологиялық тәуекелдерді басқару қауіпті биологиялық факторлард...

Толық оқу »

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде с...

Толық оқу »

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

258-бап. Қолданудың ықтимал тәуекелі дәрежесіне қарай медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін сыныптау және қауіпсіздігін қайта сыныптау Қазақстан Республикасының Халық денсаулы...

Толық оқу »

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

3-5-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Уәкілетті орган анықталған кемшілікте...

Толық оқу »

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы       1. Уәк...

Толық оқу »

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы   Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жү...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қылмыстық жауаптылықтан босату елеусіздігіне байланысты қоғамдық қауіп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚарағанды қаласы Қазыб...

Толық оқу »

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу әрекетсіздікке не әрекетке иелік ете алмау жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін...

Толық оқу »