4-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың құқықтық мәртебесі "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы
1. Университет білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім беру, ғылыми инфрақұрылымды құру және өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.
Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:
1) орта білімнен кейінгі білім беру;
2) жоғары білім беру;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
Университет білім және ғылым саласындағы инновациялық бағдарламаларды әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізу мен іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.
2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласында жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.
Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;
2) негізгі мектеп;
3) жоғары мектеп.
Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Университеттің және Зияткерлік мектептердің құрылтайшысы болып табылады.
4. Қор Университеттің және Зияткерлік мектептердің, сондай-ақ олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы.
Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы