4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасының барлық әскери қызметшілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес біріккен (коалициялық) қарулы күштер, сондай-ақ бітімгершілік күштер құрамында әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне қолданылады.
Осы Заңның күші мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.
Осы Заңның әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы жекелеген ережелері мен нормалары олардың отбасы мүшелеріне, әскери қызметтен шығарылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтен шығарылған және басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға қоныс аударған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі тұрақты тұру үшін таңдалған мемлекеттермен жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы