Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу Нотариат туралы Заңы

4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу Нотариат туралы Заңы 

       1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен уәкілетті орган бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға (бұдан әрi - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.  

      2. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.  

      3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.  

      Жекеше нотариустардың қағаз түріндегі құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.  

Нотариустардың электрондық түрдегі құжаттары Қағидаларға сәйкес міндетті түрде нотариаттық цифрлық архивте қалыптастырылуға тиiс.

4. Нотариаттық цифрлық архив – бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық түрдегі нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алуға және пайдалануға арналған құрауышы.

 

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы