Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

      1. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі. 

      Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша: 

      1) отбасы жағдайлары бойынша; 

      2) білім алуды жалғастыру үшін; 

      3) денсаулық жағдайы бойынша; 

      4) басқа да себептер бойынша беріледі. 

      2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 

      1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі. 

      Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi: 

      әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса; 

      ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері; 

      әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); 

      өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi); 

      бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi; 

      отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады; 

      2) өзiнiң асырауында: 

      анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары); 

      ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға; 

      3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі. 

      3. Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 

      1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне; 

      2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағанға дейiн; 

      3) жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі. 

      Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алатын азаматтарға берілмейді. 

      4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi. 

      5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру: 

      1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге – жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне; 

      2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне; 

      3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына – олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне; 

      4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн; 

      4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге; 

      5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге; 

      6) құқық қорғау органдарының және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі. 

      6. Офицерлер құрамының әскери атағын бере отырып, запасқа қойылған азаматтарға отбасы жағдайлары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады. 

      7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды. 

      8. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру кезiнде азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру тоқтатыла тұрады. 

      9. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жеке өтiнішін және мүдделi адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан нотариат куәландырған тиiстi құжатты ұсынған кезде азаматтар әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқылы және әскери қызметке шақырылуы мүмкін. 

      10. Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақс...

Толық оқу »

40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi ту...

Толық оқу »

Шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және бөліп төлеу, оны орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту

Шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және бөліп төлеу, оны орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту АІЖК-нің 238-бабында көзделгендей (шешімді орындауды кейінге қалдыру және бөліп-б...

Толық оқу »

163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзiтәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзiтәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару...

Толық оқу »

475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 475-баптың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР 27...

Толық оқу »

Кепіл мүлкінен өндіріп алу | кепілдің бастапқы сату құнын ұлғайту| кепілді іске асыруды кейінге қалдыру

Кепіл мүлкінен өндіріп алу | кепілдің бастапқы сату құнын ұлғайту| кепілді іске асыруды кейінге қалдыруАлматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: т...

Толық оқу »

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру / сот актісін орындауды бөліп төлеу / міндеттемені орындау тәсілін немесе тәртібін өзгерту

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру / сот актісін орындауды бөліп төлеу / міндеттемені орындау тәсілін немесе тәртібін өзгертуАлматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндег...

Толық оқу »

888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қаза...

Толық оқу »

593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды ұстап б...

Толық оқу »

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру | сот актісін орындауды бөліп төлеу / сот ұйғарымы шешімінің күшін жою

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру | сот актісін орындауды бөліп төлеу / сот ұйғарымы шешімінің күшін жоюАлматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапке...

Толық оқу »

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру / міндеттемелерді орындауды бөліп төлеу / кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сату

Сот шешімін орындауды кейінге қалдыру / міндеттемелерді орындауды бөліп төлеу / кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуАлматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот ал...

Толық оқу »

Кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын 12 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру

Кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын 12 айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру2016 жылғы " 10 " ақпанда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Б...

Толық оқу »

Шешімді орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту арқылы оның орындалуын кейінге қалдыру және бөліп төлеу.

Шешімді орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту арқылы оның орындалуын кейінге қалдыру және бөліп төлеу.АІЖК-нің 246-бабына сәйкес іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған со...

Толық оқу »

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің1. Талап қоюшыны сотқа берілетін тала...

Толық оқу »

238-бап. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

238-бап. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту Қазақстан Республикасының Аза...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылды

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылдыҚарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотыны...

Толық оқу »

246-бап. Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмiн немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

246-бап. Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмiн немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібім...

Толық оқу »

826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Сақтандыру жарнасын (алғашқысы...

Толық оқу »

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру🔹 1. Мақаланың құқықтық табиғаты мен мақсатыҚР...

Толық оқу »