34-бап. Борышкердің немесе кредитордың өтінішхатын сотта қарау Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Сот борышкердің немесе кредитордың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішхаты келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, борышкерге, кредиторларға, уәкілетті органға сот отырысының күні, уақыты мен орны туралы хабарлай отырып, сот отырысын тағайындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Өтінішхатты сот отырысында қарау нәтижелері бойынша сот азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот осы Заңның 6-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім қабылдайды не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартады.
3. Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы нұсқаулар, сондай-ақ осы Заңның 36-бабының 2-тармағында көзделген нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы