Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  23-бап. Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

     1. Уәкілетті орган соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламалары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген адамдар ішінен қаржы басқарушысын тағайындайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

   1-1. Қаржы басқарушысы:

      1) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, өзіне тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етіп алдырады, олар сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;

      2) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органнан банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы ақпаратты сұратады, ол сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;

      3) банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талаптар қояды;

      4) осы Заңның 14-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтайды және мұндай мәміле анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талаптар қояды;

      5) сату жоспарына сәйкес банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асырады;

      6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;

      7) борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді;

      8) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде береді;

      9) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде, сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды;

      10) банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарайды;

      11) банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді;

      12) борышкерді банкрот деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге мүлікке, сондай-ақ материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды береді. Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік болған жағдайда, мұндай мүлікке құқық белгілейтін құжаттар кепіл кредиторына берілуге жатады;

      13) қаржы басқарушысы шеттетілген жағдайда, жаңадан тағайындалған қаржы басқарушысына ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттың мүлкіне, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты береді;

      14) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      2. Осы Заңда қаржы басқарушысына жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Осы Заңның 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінде қаржы басқарушысының сыйақысы борышкердің қаражаты есебінен төленеді.

      Қаржы басқарушысы ай сайынғы сыйақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төмен жалақының мөлшерін құрайды.

      4. Борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы шот бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді беруіне келісім бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда) өзінің атына ағымдағы шот ашады.

      Борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотында жатқан ақша оның меншігі және (немесе) кірісі болып табылмайды және оның мұрасына қосылмайды.

      Борышкердің ақшасын есепке жатқызу, ағымдағы шығыстарды өтеу және сот арқылы банкроттық рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотына қаржы басқарушысының міндеттемелері бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.

 

     Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы