⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметінің қағидаттары "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

3-бап. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметінің қағидаттары "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметінің қағидаттары "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңы 

      Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: 

      1) академиялық еркіндік қағидаты – Университеттің және Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін, ғылыми зерттеулерді жүргізу бағыттарын әзірлеу мен таңдаудағы еркіндігі; 

      2) білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы қағидаты – Университеттегі және Зияткерлік мектептердегі білім беру үдерісінің ғылыми және практикалық қызметтен ажырағысыздығы, ғылым және кәсіпкерлік ұйымдарымен стратегиялық әріптестікті қамтамасыз ету; 

      3) дербестік және өзін-өзі басқарушылық қағидаты – Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қаржы-экономикалық, әкімшілік басқарудағы, шешімдер қабылдаудағы оқшаулығы мен еркіндігі; 

      4) шешімдер қабылдаудың алқалық қағидаты – Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметіне байланысты шешімдерді олардың қамқоршылық кеңестерінің, Жоғары қамқоршылық кеңестің қабылдауы; 

      5) әлеуметтік жауапкершілік пен ашықтық қағидаты – Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуі және оларға қатысуы, өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі. 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы. 

      Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы