3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты және Ұлттық ұлан қызметінің негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы
1. Ұлттық ұланның қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін және тәртібін, оның жалпы құрылымын, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің өкілеттіктері мен құқықтық ережелерін айқындау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Ұлттық ұланның қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады:
1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғаудың мiндеттiлiгi;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;
3) Ұлттық ұлан қатарында қызметтi ұйымдастырудағы тәсілдердің бiртұтастығы;
4) дара басшылық пен дәреже сатысы (бағыныстылық);
5) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы