Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда, осы баптың 1-1 және алтыншы бөліктерінде көзделген мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін сақталады, содан соң тиісті акт жасала отырып жойылады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күннен екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.

      1-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды оған қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырмастан, хабардар етуге тиіс.

      Бұл мерзімді мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.

      Мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды:

      1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      3) егер хабардар ету мемлекеттік құпияларды жария ету қатерін төндірсе;

      4) егер хабардар ету қызметті құпия негізде және астыртын нысанда жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы хабардар етпеуге келісуі мүмкін.

      2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам тергеп-тексеруге қоса тігілмеген мәліметтермен мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның жария болуын болдырмайтын шекте танысу туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатты – тергеуші, анықтаушы, прокурор, ал істі сот қараған кезеңде өтінішхаттар түскен кезде – сот қарайды.

      3. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот өтінішхатты материалдардың қылмыстық процестегі ықтимал маңызын және жол берілген адам құқықтарын шектеулерді ескере отырып бағалайды.

      Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, егер бұл қылмыстық процеске тартылған қандай да бір адамның өміріне, денсаулығына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін болса немесе егер ол үшінші тұлғаның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын болса, іске қоса берілмеген материалдармен танысу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      4. Іске қоса берілмеген материалдармен танысқаннан кейін адам оларды қылмыстық істің материалдарына қоса беру туралы өтінішхат бере алады. Тергеушінің, анықтаушының, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстің 105 және 106-баптарында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін, судьяның бас тартуына істі сотта қарау аяқталған сот актісіне шағыммен бірге шағым жасалады.

      5. Сот талқылауы кезінде мәлімделген, жасырын тергеу әрекетінің іске қоса берілмеген материалдарымен танысу туралы өтінішхат бойынша шешімді осы істі қарайтын соттың дәл сол құрамы қабылдайды.

      6. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген хабардар ету кезінен бастап он бес тәулік ішінде осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен мамандандырылған тергеу сотына, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген нұқсанды (ондай болған кезде) өтеткізу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.

      Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қо...

Толық оқу »

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауыны...

Толық оқу »

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайында...

Толық оқу »

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы баптың екінші...

Толық оқу »

192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. По окончании дознания...

Толық оқу »

376-бап. Тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарын жария ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

376-бап. Тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарын жария ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қарап-тексеру, куәландыру, алу, тiнту, мүлiкк...

Толық оқу »

355-бап. Сотталушының жеке басын және айыптау актісі, сотқа ейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің уақтылы табыс етілгенін анықтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

355-бап. Сотталушының жеке басын және айыптау актісі, сотқа ейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің уақтылы табыс етілгенін анықтау ҚР...

Толық оқу »

377-бап. Сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария ету тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

377-бап. Сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария ету тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ос...

Толық оқу »

528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам хаттама мен оған қос...

Толық оқу »

660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан 1. Сот отырысының хаттамасы осы бапта көзделген ерекшелiкте...

Толық оқу »

Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаул...

Толық оқу »

349-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қарау

349-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қарауҚағаз жеткізгіште дайындалған бас сот талқылау...

Толық оқу »

660-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктері

660-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктеріСот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 347-бабының...

Толық оқу »

377-бапқа түсініктеме. Сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету тәртібі

377-бапқа түсініктеме. Сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету тә...

Толық оқу »

376-бапқа түсініктеме. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің құжаттарын жария ету

376-бапқа түсініктеме. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің құжаттарын жария етуТексеру, куәландыру, алу, тінту, мүлікк...

Толық оқу »

527-бап. Хаттама жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

527-бап. Хаттама жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама ж...

Толық оқу »

348-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулер

348-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерБас сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол...

Толық оқу »