Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Рейтингтік талдаушылардың қызметімен байланысты мүдделер қақтығысын басқару Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

21-бап. Рейтингтік талдаушылардың қызметімен байланысты мүдделер қақтығысын басқару Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Рейтингтік талдаушылардың қызметімен байланысты мүдделер қақтығысын басқару Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Егер рейтингтік талдаушылар:

      1) рейтингтік әрекетті жүзеге асыру күніне дейінгі күнтізбелік бір жыл бойы рейтинг берілетін тұлғамен еңбек қатынасында немесе іскерлік қатынаста болса;

      2) рейтинг берілетін тұлғаның немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де қаржы құралдарын, өзгедей мүлкін тікелей немесе жанама түрде иеленсе, олардың рейтинг объектісіне қатысты рейтингтік әрекеттерге қатысуына тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шектеулер жинақтаушы сақтандыру құралдарына, екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне және өзге де активтерді иеленуге қолданылмайды, мұндай иелену талдаушыға осы қаржы құралдарын ұсынатын қаржы институттарының қызметіне ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

      2. Рейтингтік талдаушылардың кредиттік рейтингтік агенттік көрсететін қызметтерге ақы төлеу шарттарын рейтинг берілетін тұлғамен, оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлғалармен, рейтинг берілетін тұлғаның андеррайтерлерімен, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктің басқа да жұмыскерлерімен және өзге де тұлғалармен талқылауға қатысуына тыйым салынады.

      3. Кредиттік рейтингтік агенттік ротациялау (рейтингтің бір объектісіне қатысты рейтингті және (немесе) рейтинг бойынша болжамды дайындауға қатысатын жетекші рейтингтік талдаушыларды ауыстыру) рәсімін қамтамасыз етеді.

      4. Рейтингті дайындауға қатысатын жетекші рейтингтік талдаушыларды ауыстыру рейтингтің бір объектісіне қатысты рейтингті дайындауға алғаш қатысқаннан кейін төрт жыл өткен соң жүзеге асырылады. Ротациялауға орай рейтинг объектісімен байланысты рейтингтік әрекеттерге қатысуды тоқтатқан жетекші рейтингтік талдаушылар ротациялау кезінен бастап кемінде екі жыл бойы осы рейтинг объектісіне қатысты рейтингтік әрекеттерге қатысуға құқылы емес.

      5. Рейтингтік талдаушылардың кредиттік рейтингтік агенттік акцияларын иеленуіне тыйым салынады.

      6. Рейтингтік талдаушылардың рейтинг берілетін тұлғадан, рейтинг берілетін тұлғаның андеррайтерінен және кредиттік рейтингтік агенттікпен іскерлік қатынастағы кез келген тұлғалардан материалдық сыйақы немесе сыйлықтар қабылдауына тыйым салынады.

      Кредиттік рейтингтік агенттік рейтингтік талдаушының осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардан материалдық сыйақы немесе сыйлықтар қабылдағаны туралы ақпарат алған жағдайда кредиттік рейтингтік агенттік көрсетілген ақпаратты алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде рейтингтік талдаушының рейтингтерге немесе рейтингтер бойынша болжамдарға әсер етуі мүмкін әрекеттерін тексеруге бастамашылық жасайды. Кредиттік рейтингтік агенттік рейтингті немесе рейтинг бойынша болжамды қайта қарауға негіздер тапқан кезде кредиттік рейтингтік агенттік рейтингке немесе рейтинг бойынша болжамға қатысты тиісті әрекеттер жасауды кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.

      7. Рейтингтік талдаушы жетекші рейтингтік талдаушы ретінде өзі қатысқан рейтинг объектісіне қатысты мерзімі бойынша соңғы рейтингтік әрекет жасаған кезден бастап алты ай ішінде рейтинг берілетін тұлғаның немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлғалардың, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлға андеррайтерінің басқару органдарында лауазымдар атқаруға құқылы емес.

      8. Рейтингтік талдаушы жұмысынан шығып, рейтинг беруге өзі қатысқан рейтинг берілетін тұлғаға жұмысқа кірген жағдайда, кредиттік рейтингтік агенттік рейтингтік талдаушының жұмыстан шығар алдындағы екі жылдағы талдау нәтижелеріне ревизия жасайды. Рейтинг жөніндегі бұрын қабылданған шешімді бұрмалайтын, қолданылатын рәсімдер мен әдіснамалардан едәуір ауытқулар осындай ревизия нәтижелері бойынша анықталған кезде кредиттік рейтингтік агенттік рейтингті қайта қараудың себебін көрсете отырып, қайта қарауға міндетті.

      9. Егер рейтингтік талдаушы не кредиттік рейтингтік агенттіктің өзге жұмыскері өз міндеттерін орындау барысында кредиттік рейтингтік агенттіктің басқа жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңдарында, ішкі қағидаларды, ережелерді, мінез-құлық кодексін қоса алғанда, кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды және (немесе) шектеулерді бұзғанын анықтаса, осы рейтингтік талдаушы немесе өзге жұмыскер бұл бұзушылық туралы ішкі бақылау қызметінің жауапты қызметкеріне хабарлауға міндетті. Кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері рейтингтік талдаушыны және өзге жұмыскерді осындай хабарлардың кез келген ықтимал салдарынан қорғауды көздейді.

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау