21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін ғылыми зерттеулерді таңдауды сараптама кеңестері берген ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылардың негізінде Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырады.
2. Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның құрамы орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, ғылыми ұйымдар, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары және ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, жетекші ғалымдардың қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) мамандандырылған ғылыми бағыттарды қарау және мақұлдау;
3) ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
4) орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарау.
3. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру осы Заңда, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
4. Сараптама кеңестері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге сараптама жүргізеді.
5. Сараптама кеңестері алқалы органдар болып табылады және Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылады.
6. Сараптама кеңестерінің құрамдары құзыретті қазақстандық ғалымдар, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және оларды уәкілетті орган бекітеді.
7. Ғылыми зерттеулер жүргізу мерзімі ғылыми зерттеулерге арналған тактикалық-техникалық тапсырма негізге алынып айқындалады.
8. Сыналуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.10.2023 № 33-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы