Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 118 Жарлығы

   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы   Президентінің       2015 жылғы 27 қарашадағы  № 118 Жарлығымен     МАҚҰЛДАНҒАН       

Жоба

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақшеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары менқағидалары туралы келісімге Армения Республикасыныңқосылуы туралыХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.

      2015 жылғы ___ __________ __________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

         Армения        Беларусь        Қазақстан         Қырғыз      Республикасы    Республикасы    Республикасы     Республикасы          үшін            үшін            үшін             үшін

                         Ресей Федерациясы                              үшін 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы