Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-бап. Қызметкердің қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

19-бап. Қызметкердің қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Қызметкердің қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      1. Қызметкердің: 

      1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етуге, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құруға; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға; 

      3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; 

      5) өзінің қызметтік әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; 

      6) ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға; 

      7) лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсаттарда пайдалануға; 

      8) пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды немесе өзге адамдармен сөз байласу жолымен өзінің қызмет жағдайын пайдалануға; 

      9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына; 

      10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ. 

      Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаруға әкеп соғады. 

 2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті қызмет өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр бөлімшесіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті. 

      Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.

      2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі. 

2-2. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 

      Мемлекеттік саяси қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

      3. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы