19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы